Жаңалықтар
Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық.
23-қазан 2019 жыл М.Әуезов атындағы ОҚМУ 7-ғимарат оқу залында кафедраның аға тәлімгері Ж.Ш.Есмаханова кафедраның 1-2 курс студенттерімен Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды дамыту бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылады. Ж.Ш.Есмаханова өз сөзінде, бұл кітаптар гуманитарлық білімнің өрістеуіне зор ықпал етуі, мемлекет барлық жағдайды жасап жатқаны, сәйкесінше тәлім алушы жастар берілген бүкіл мүмкіндікті пайдаланып кәсіби маман болып шығуы тиіс екендігі туралы айтып өтті.
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ мақаласын талқылау.
Кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент А.Т.Балабеков 19.11.2019 жылғы сағат 9.35 7-ғимарат оқу залында студенттермен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ мақаласының «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» тарауын талқылады. Кездесу барысында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай жауап берілді.