Талапкерге

Тарих және педагогика факультеті

  1. Факультет бойынша жалпы ақпарат
    М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде тарих және педагогика мамандықтарын қолдау мақсатында жеке факультет ашу мәселесі көтерілді. Мәселені Ғылыми Кеңеске ұсыну нәтижесінде 2020 жылдың 5 қаңтарында «Тарих және педагогика» факультеті болып құрылды. Факультет деканы қызметін филология ғылымдарының кандидаты, доцент Уразбаев Құрманғали Мархабатұлы атқаруда.
 
  1. Жоғары мектеп/ факультеттің кадрлық әлеуеті.
    Факультетте 15 ғылым докторы, 57 ғылым кандидаты және 9 РhD докторы, 5 жоғары оқу орнының үздік оқытушылары жұмыс істейді.
Тарих және педагогика факультетінде Қазақстан Республикасы Президентінің  “Болашақ” халықаралық бағдарламасының стипендиаттарымен қатар жылдың үздік оқытушысы байқауының жеңімпаздары доктор PhD, доцент Жұлдыз Турекулова, білім саласына өлшеусіз үлес қосқан ғалым ұстаздар және мемлекеттік сыйлықтың иегерлері п.ғ.д., профессор Қабылбекова З.Б., п.ғ.д., профессор Калыбекова А.А., п.ғ.д., профессор Алметов Н.Ш., п.ғ.д., профессор Нурлыбекова А.Б., пс.ғ.д., профессор Лекерова Г.Ж., пс.ғ.д., профессор Искакова М.С., п.ғ.к., доцент Джексенбаева К.О., п.ғ.к., доцент Кукеева М.К., доктор PhD, доцент Усенова А.М.  оқытушы профессорлық құрамы дәрістер жүргізуде.
     Тарих және педагогика факультеті студенттерінің контингенті 1200-ден астам студентті құрайды, олардың 250-ге жуығы мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқиды. 
     Тарих және педагогика факультеті М.Әуезов атындағы ОҚУ-ң ең ірі құрылымдық бөлімдерінің бірі болып табылады. Факультет материалдық және оқу-әдістемелік базамен, ғылыми-педагогикалық мектептермен бірлесе отырып, инновациялық ғылым және білім жобаларымен, жоғары білімді мамандармен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда факультет құрамында 5 кафедра жұмыс жасайды:    «Қазақстан тарихы» (жалпы білім беретін кафедра), «Жалпы тарих және мұражай ісі», «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі», «Жалпы педагогика және психология», «Саясаттану». Факультет М.Әуезов атындағы ОҚУ-ң №7 оқу ғимаратында орналасқан. Факультет құрамында педагогикалық және әлеуметтік салада 23 білім беру бағдарламалары бойынша бакалавр, магистрлік, докторлық дәрежесі бойынша мамандар даярлануда. Тарих және педагогика факультеті тарих, психология, педагогика, бастауыш білім беру бағыттары бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық конференциялардың негізгі орталығы болып табылады. Факультет ғылыми жобалары мен халықаралық байланыс тұрғысынан АҚШ, Қытай, Испания, Өзбекстан, Қырғыз, Ресей және т.б. ЖОО-мен тығыз байланыста жұмыс істейді. Жыл сайын студенттік конференциялар, студенттердің ғылыми жұмыстарының республикалық байқауы өткізіледі. Үздік студенттік жұмыстар Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің дипломдары мен құрмет қағаздарымен марапатталады.
Факультет түлектері білім беру мекемелері балабақша мен мектептерде, кітапханаларда, архивтер мен археологиялық зерттеу институттарында, тарихи ғылыми-зерттеу институттарында, психологиялық орталықтарда, саяси партиялар мен саяси институттарда жұмыс істеп, республикалық және облыстық, қалалық мекемелерді басқару қызметінде.

  1. Білім беру бағдарламалары. Оқыту мерзімі. ҰБТ бейіндік пәндері.Білім беру бағдарламалары рейтингі.

 

Білім беру бағдарламасы тобы

Білім беру бағдарламасы

Оқыту мерзімі

ҰБТ бейіндік пәндері

Оқу төлем

ақысы

 

Толық оқу

нысаны

Қысқартылған оқу нысаны

 

Толық оқу нысаны

Қысқартылған

оқу нысаны

 

1

В001 -Педагогика және психология

6В01110– Педагогика және психология

4 жыл

3 жыл

Биология- География

 

Педагогика және психология негіздері

 

Тәрбие қызметінің теориясы мен практикасы

 

 

6В01111- Практикалық психология

4 жыл

3 жыл

 

 

6B01112 -

 Психология және  медиация

4 жыл

3 жыл

 

 

6B01101 -Психология (IP)

4 жыл

3 жыл

 

 

2.

В001 –Психология

6B03130-

Психология

4 жыл

3 жыл

Биология- География

 

Қазақстан тарихы

Психология  негіздері

 

 

6В03131-

Әлеуметтік саладағы  психолог- консультантты  даярлау

4 жыл

3 жыл

 

 

3.

В020 - Арнайы педагогика

6B01910- Дефектология

4 жыл

3 жыл

Биология- География

Педагогика және  психология  негіздері

Биология

 

 

 

 

6В01911- Арнайы педагогика

4 жыл

3 жыл

Биология- География

 

 

4

В003  Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

6B01310 -Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

 

4 жыл

3 жыл

Биология- География

Мектепке дейінгі  педагогика және  психология  негіздері

Тәрбие қызметінің  теориясы мен  практикасы

 

 

 

5

В002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

6B01210- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогикасы

 

4жыл

3жыл

Биология- География

Педагогика және  психология  негіздері

Тәрбие қызметінің  теориясы мен  практикасы

 

 

 

6

В040- Саясаттану

 

6B03120- Саясаттану

 

4жыл

3жыл

Дүниежүзі  тарихы

Шет тілі

 

Қазақстан тарихы

Әлеуметтік-  гуманитарлық  ғылымдар  негіздері  (Философия  негіздері,  мәдениеттану,  әлеуметтану және  саясаттану)

 

 

 

 

7

В034 -Тарих

 

 

6B02220-Тарих

 

4жыл

3жыл

Дүниежүзі  тарихы

География

 

Қазақстан тарихы

Дүниежүзі  тарихы

 

 

 

 

 

8

В134 -Археология және  этнология

 

 

6B02230 -

 Археология және  этнология

4жыл

3жыл

Дүниежүзі  тарихы

География

 

Қазақстан тарихы

Дүниежүзі  тарихы

 

 

9

В043- Кітапхана ісі,  ақпараттарды өңдеу  және мұрағат ісі

 

 

6В0321 -Кітапхана ісі

4жыл

3жыл

Қазақ /Орыс  әдебиеті

 

Қазақ тілі/орыс  тілі

Іс қағаздарын  жүргізуді  ұйымдастыру

 

 

 

6В03211-

 Кітапханалық-

педагогикалық қызмет

 

4жыл

3жыл

 

 

  1. Түлектердің меңгеретін біліктілігі және қызмет ету саласы

 

Білім беру бағдарламасы

Қызмет ету саласы

1

6В01110– Педагогика және психология

Білім беру саласы және әлеуметтік сала.

2

6В01911- Арнайы педагогика

6В03131- Әлеуметтік саладағы психолог-консультантты даярлау -  ББ бойынша әлеуметтік білімдер бакалавры өзінің кәсіби қызметін келесі салаларда жүзеге асырады:

- білім беру (оқыту мен тәрбиелеу үдерістерін психологиялық зерттеу және қолдау);

- денсаулық сақтау және спорт (медициналық және спорттық ұйымдар қызметіне психологиялық қолдау; психопрофилактикалық және психокоррекциялық қызмет);

- өндіріс (адам ресурстарын, өндірістік қызмет пен бизнесті басқаруға психологиялық қолдау);

 -   құқық қорғау органдары (шұғыл іздестіру және тергеу қызметіне психологиялық қолдау, сот өндірісі, пенитенциарлы мекемелердегі құқықтық профилактика).

3

6В01911- Арнайы педагогика

ББ 6В01911 бойынша бакалавры-Арнайы педагогика салаларында өзінің кәсіби қызметін жүзеге асырады:

- білім беру,

- әлеуметтік сала;

 - денсаулық сақтау.

4

6B01310 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

 

Бітіруші «6В011300-Бастауыш оқыту пепдагогикасы мен әдістемесі»     білім беру бағдарламасы бойынша  орта  және бастауыш  мектептерде  бастауыш сынып  мұғалімі;   педагогикалық  және  кәсіптік  білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы No 553 бұйрығымен бекітілген Басшылар, мамандар және басқа да қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес,   еңбек  өтіліне  талаптар қоймай-ақ  бастауыш сынып мұғалімдері, жұмыс өтіліне талап қойылмайтын әдіскер бастапқы қызметтер атқара алады.

5

6B01210- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогикасы

 

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасы  бойынша білім бакалавры. Маман лауазымдарының тізбесі. Осы білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижесінде түлектер келесі мамандықтар бойынша кәсіптік құзыреттілікке ие болады: педагог (мамандануы: мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;лауазымы:тәрбиеші,ағатәрбиеші,педагог,мұғалімжәнет.б.);әдіскер(мамандануы:мектепкедейінгіоқыту және тәрбиелеу;лауазымдары:әдіскер,әдістемелік кабинет меңгерушісі,аға тәрбиеші; колледж оқытушысы жәнет. б.

6

6B03120- Саясаттану

 

   Саяси білімдер жүйесі, мемлекеттік басқарудың түрлі деңгейлеріндегі саяси процестердің жиынтығы, саяси процестердің субъектілері, саяси коммуникациялар саласы мен консультациялар, саяси шешімдер қабылдау, сондай-ақ саясатты ғылыми  түрде зерттеу кіреді

  1. Академиялық ұтқырлық

       ТП 19-1Р тобының студенті (БББ 6В01110 - Педагогика және психология) Қожабекқызы Аида 2021-2022 оқу жылының көктемгі семестрінде Халич университетінде оқудан өтті (Түркия, Ыстамбұл).

    2022 жылдың 25 сәуір күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасына Өзбекстан Республикасы Бұхар мемлекеттік университетінен академиялық ұтқырлық бойынша 4 профессор докторлар келді. Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту факультетінің деканы п.ғ.д., доцент  Тухсанов Кахраман Рахимбоевич;  Бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор Хамраев Алижон Рузикулович; Мектепке дейінгі оқыту кафедрасының меңгерушісі PhD докторы Кулдашев Рустамбек Авезмуродович;  Бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасының доценті, б.ғ.к Сайфуллаев Гулом Махмудович.  Келген күні Тарих және педагогика факультет деканы Қ.М.Уразбаев және Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедра меңгерушісі М.Ә.Ермекбаевпен кездестісіп, келген мақсаттарымен бөлісті. 26 сәуір куні 65 Балбұлақ балабақшасына барып семинар өткізілді. 27 сәуір куні 24 С.Ерубаев атындағы мектепке барып семинар өткізілді. 
       2022 жылдың қазан айында Академиялық ұтқырлық бойынша  Нукусский государственный педагогический институт имени Ажинияза доцент Кафедры начального образования НГПИ к.п.н. Каллибекова Гуляцда Абдуллаевна 5В010200 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша лекция оқыды. 
Халықаралық ғылыми байланыс жасау шеңберін кеңейту және белсендіру мақсатында «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының ОПҚ университет  деңгейіндегі келісімшартттар негізінде жұмыс жасауда. Олармен қоса  жаңа келісімшарттар қатарына  Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетімен және Жизак мемлекеттік педагогикалық университетімен (Өзбекстан), Бұхара  мемлекеттік университетімен (Өзбекстан)жасалды.  Осы жасалған келісімшарттар негізінде ынтымақтастық байланыс белсенді жүргізілуде. 2021-2022 о.ж. осы халықаралықкелісімшарттарға сүйеніп дәріс оқу, ғылыми практикалық конференцияларға қатысып, семинарлар ұйымдастырылды.
  1. Келісімшарт негізінде А. Кадыри атындағы Джизак мемлекеттік педагогикалық университетінде кафедраның п.ғ.к., доцент Ермекбаев М.Ә. және аға оқытушысы п.ғ.к. Есім Ұлжалғас Әшімқызы дәріс оқуда.
  2. Өзбекстан республикасы Бұхара мемлекеттік университетінен келген бірнеше ғылым-педагогтары тәжірибе алмасу мақсатында келді. Өзбекстан ғалым педагогтарымен дөңгелек стол ұйымдастырылды. Сондай ақ, «Дуалды білім беру форматы» тақырыбында  №24 С.Ерубаев атындағы IT мектеп лицейімен бірлесе халықаралық семинар ұйымдастырылды.
  3. Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің ғалымдары біздің университетке халықаралық эксперт ретінде тіркеліп, жұмыс жасадық.
  4. Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінде Он-лайн форматында ұйымдастырылған. «Программа международного оценивания PIRLS: теория и перспективы ее реализация» атты ғылымыи –практикалық конференцияның пленарлық мәжілісінде кафедраның доценті С.М.Сихимбаева «Целеориентированность подготовки будущих учителей начальных классов на формирование 4К навыков у учащихся» тақырыбы бойынша баяндама оқыды. Ташкент: 2022г 13 март.
  5. Өзбекстан республикасы Бұхара мемлекеттік университетінен шақырту алып кафедра меңгерушісі Ермекбаев М.Ә. барып келді.
    2022 жылдың 25 сәуір күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасына Өзбекстан Республикасы Бұхар мемлекеттік университетінен академиялық ұтқырлық бойынша 4 профессор докторлар келді. Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту факультетінің деканы п.ғ.д., доцент  Тухсанов Кахраман Рахимбоевич;  Бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор Хамраев Алижон Рузикулович; Мектепке дейінгі оқыту кафедрасының меңгерушісі PhD докторы Кулдашев Рустамбек Авезмуродович;  Бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасының доценті, б.ғ.к Сайфуллаев Гулом Махмудович.  Келген күні Тарих және педагогика факультет деканы Қ.М.Уразбаев және Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедра меңгерушісі М.Ә.Ермекбаевпен кездестісіп, келген мақсаттарымен бөлісті. 26 сәуір куні 65 Балбұлақ балабақшасына барып семинар өткізілді. 27 сәуір куні 24 С.Ерубаев атындағы мектепке барып семинар өткізілді. 
           2022 жылдың қазан айында Академиялық ұтқырлық бойынша  Нукусский государственный педагогический институт имени Ажинияза доцент Кафедры начального образования НГПИ к.п.н. Каллибекова Гуляцда Абдуллаевна 5В010200 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша лекция оқыды. 
    Халықаралық ғылыми байланыс жасау шеңберін кеңейту және белсендіру мақсатында «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының ОПҚ университет  деңгейіндегі келісімшартттар негізінде жұмыс жасауда. Олармен қоса  жаңа келісімшарттар қатарына  Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетімен және Жизак мемлекеттік педагогикалық университетімен (Өзбекстан), Бұхара  мемлекеттік университетімен (Өзбекстан)жасалды.  Осы жасалған келісімшарттар негізінде ынтымақтастық байланыс белсенді жүргізілуде. 2021-2022 о.ж. осы халықаралықкелісімшарттарға сүйеніп дәріс оқу, ғылыми практикалық конференцияларға қатысып, семинарлар ұйымдастырылды.
    1. Келісімшарт негізінде А. Кадыри атындағы Джизак мемлекеттік педагогикалық университетінде кафедраның п.ғ.к., доцент Ермекбаев М.Ә. және аға оқытушысы п.ғ.к. Есім Ұлжалғас Әшімқызы дәріс оқуда.
    2. Өзбекстан республикасы Бұхара мемлекеттік университетінен келген бірнеше ғылым-педагогтары тәжірибе алмасу мақсатында келді. Өзбекстан ғалым педагогтарымен дөңгелек стол ұйымдастырылды. Сондай ақ, «Дуалды білім беру форматы» тақырыбында  №24 С.Ерубаев атындағы IT мектеп лицейімен бірлесе халықаралық семинар ұйымдастырылды.
    3. Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің ғалымдары біздің университетке халықаралық эксперт ретінде тіркеліп, жұмыс жасадық.
    4. Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінде Он-лайн форматында ұйымдастырылған. «Программа международного оценивания PIRLS: теория и перспективы ее реализация» атты ғылымыи –практикалық конференцияның пленарлық мәжілісінде кафедраның доценті С.М.Сихимбаева «Целеориентированность подготовки будущих учителей начальных классов на формирование 4К навыков у учащихся» тақырыбы бойынша баяндама оқыды. Ташкент: 2022г 13 март.
    5. Өзбекстан республикасы Бұхара мемлекеттік университетінен шақырту алып кафедра меңгерушісі Ермекбаев М.Ә. барып келді.

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру және білім беру үдерісіне тәжірибе алмасу мақсатында университет тарапынан шақырылған Абу Али ибн Сина атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтының "Өзбек тілі және әдебиеті, орыс тілі, педагогика және психология" кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Курбанова Гулноз Негматовна "Педагогика және психология ", "Психология және медиация ",Практикалық психология " БББ-ң білім алушыларына дәріс өтті.

    Халықаралық ынтымақтастық және серіктес жоғары оқу орындары арасында тәжірибе алмасу шеңберінде Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің Жизақ филиалының оқытушылары 6-16.02.24 ж. "Жалпы педагогика және психология"кафедрасының білім алушыларына дәрістер өткізілді. Сондай-ақ, қонақтар үшін университет бойынша экскурсия өткізілді , оның барысында олар біздің университеттің тарихымен, қызметімен және жетістіктерімен танысты.

        «Жалпы педагогика және психология» кафедрасы М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің 80 жылдық мерей тойы аясында Низами атындағы Ташкент педагогикалық мемлекеттік университетінің «Олигофренопедагогика», «Логопедия» кафедрасымен академиялық ұтқырлық жұмысы бойынша тәжірибе алмасу мақсатында екі университет аралық шелісім шарт құрылды. «Олигофренопедагогика», «Логопедия» кафедрасының п.ғ.д.,профессоры Пулатова П.М., доцент м.а. Пулатходжаева М.Р., PhD доктор Садирова К.Г., аға оқытушысы Папова Ю.Ю профессор оқытушы құрамымен «Жоғары оқу орнында педагогикалық пәндерді оқыту мәселелерін қарастыру» тақырыбында әдіснамалық семинар өткізді. 6.11.- 10.11 уақыт аралығында 4-курс 6В01910 – Дефектология, 1-курс 6В01911 – Арнайы педагогика БББ студенттеріне аға оқытушы Папова Ю.Ю. «Логопедия негіздері», п.ғ.д.,профессор, Пулатова П.М. «Олигопренопедагогика», PhD доктор Садирова К.Г. «Дактильді ым-ишара» пәндері бойынша дәріс оқыды.

        СеріккызыТабигат 6В03120-«Саясаттану» білім беру багдарламасы бойынша мемлекеттік грант негізінде білім алушы 3 курс, ТП-21-4ктобынын студенті, «Studentsexchange» білім беру багдарламасы бойынша Лодзь университетіне 2023-2024 оку жылынын кузгі семестріне 2023 жылдын 1-ші казаны мен 2024 жылдын 25-ші акпаныаралыгындагы мерзімге республикалык бюджет каражаты есебінен білім алу ушін жіберілді.3-ші курс ТП-21-4к тобының білім алушысы Сансызбай Лаура  «Studentsexchange» білім беру бағдарламасы бойынша Эразмус бағдарламасының стипендиясы негізінде 01.02.24-05.07.2024 ж. аралығында (Испания) Вальядолид университетінде білім алуда.
 Евро одактын және Қазақстан бойынша біраз университетінін ЖОО мен келісім шартқа тұрған

 6. Оқу өндірістік кешендер

(Жоғары мектеп/факультет тердегі келісімшарт түзілген  шетелдік және еліміздегі өндірістік іс- тәжірибе өтетін мекемелер,  фотосурет, т.б. мәліметтер)

«Жалпы педагогика және психология» кафедрасында 6В01910- Дефектология, 6В01911-Арнайы педагогика БББ бойынша 1,4-курс студенттерінің кәсіптік практикадан сапалы өтуін қамтамасыз ету үшін 2023-2024 оқу жылында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

6В01910- Дефектология БББ бойынша 49 студент, 6В01911-Арнайы педагогика БББ бойынша 11 студент білім алуда.

1,4 курста білім бағдарламасында 4 практика түрі қарастырылған:

  1. Оқу (1-курс)
  2. Педагогикалық (1-курс);
  3. Өндірістік-педагогикалық (4-курс);
  4. Дипломалды (4-курс).

Студенттердің жоғарыда аталған практика түрлерін жоғары дәрежеде өтуі үшін келесі мекемелермен келісім-шарт түзілген:

  1. М.Жұмабаев атындағы №39 ЖБОМ;
  2. Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі;
  3. Қосалқы мектеп-интернаты;
  4. А.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясы;
  5. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №2 арнайы мектеп-интернаты, Шымкент қ.;
  6. №17 «Достық» балабақшасы КММ, Шымкент қ.;
  7. №28 «Гаухар» арнайы балабақшасы;
  8. №14 Айбек атындағы жалпы орта мектебі Шымкент қ.;
  9. Оңалту орталығы;
  10. «Балалық шақ кемесі 2» түзету балабақшасы;
  11. №32 «Еркін» арнайы балабақшасы;
  12. Парасат орта мектебі, Шымкент қ.
  13. Pazlтүзету орталығы;
  14. Сенсор и Ум түзету орталығы;
  15. №2 Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы

                  

                Студенттердің кәсіптік практикадан өтуі 6В01110 - "Педагогика және психология" ББ бойынша оқытудың міндетті элементі болып табылады. Практиканы жоспарлау келесі негізде жүзеге асырылады:

- Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №107 бұйрығымен бекітілген кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу қағидалары және ұйымдарды практика базасы ретінде айқындау қағидалары;

– 6В01110-Педагогика және психология мамандығының оқу жұмыс жоспарлары, практика бойынша бағдарламалар;

- алдыңғы тәжірибелердің нәтижелерін есепке алу;

- студенттердің тәжірибесін жақсарту бойынша қабылданған шешімдер.

Университеттегі "білім беру" мамандықтары үшін кәсіптік практиканың негізгі түрлері:

- оқу -1 курс, 2 семестр, 1 кредит;

- педагогикалық практика - 2 курс, 3 семестр, 1 кредит;

- психологиялық-педагогикалық практика -2 курс; 4 семестр, 2 кредит;

- оқу-әдістемелік (педагогикалық)- 3 курс, 5 семестр, 2 кредит;

- оқу-тәрбие педагогикалық-3 курс, 6 семестр, 4 кредит;

- өндірістік (педагогикалық) I - практика-4 курс; 7 сесемтр, 10 кредит;

- өндірістік (педагогикалық) II-практика - 4 курс; 8 сесемтр, 5 кредит;

- диплом алдындағы немесе өндірістік практика - 4 курс, 8 семестр, 4 кредит.

       Практикадан өту нәтижелері жоғары мектеп деканының өкімімен құрылатын арнайы комиссия отырыстарында қаралады, хаттамаларда, практика күнделіктерінде, практика басшыларының пікірлерінде, ведомостарда және студенттердің сынақ кітапшаларында көрсетіледі. Практиканың негіздері келесі ұйымдар болып табылады:

1.Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі

2.А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясы.

3.Төле би атындағы №51 ЖОББМ

  1. «Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп-гимназиясы»,

5.№50 А.Байтұрсынов атындағы мектеп - гимназия

6.№80 IT лицейі

  1. №35 М. Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
  2. №54 Жалпы орта білім беретін мектебі

9.«М-НұрДана»  бөбекжай балабақшасы

  1. «Нұр-Асу» балабақшасы

11.№ 6506 Ұлттық ұлан әскери бөлімі

12.6698 Әскери бөлімі

  1. № 14 Емдеу орталығы

15.«Ер-Әли» мектепке дейінгі шағын орталығы

16.ИП «Юнусов Р.Х.»-yunussovʾs logocenter, 

17.Қаратау Дәстүрлi ұлттық  өнер мектебі

18.Лермонтов атындағы № 17 жалпы орта білім беретін мектебі

19.атындағы №65 мектеп. И.Алтынсарина

  1. "TENGRI INTERNATIONAL SCHOOL" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
  2. З. Хусанов атындағы №110 жалпы орта білім беретін мектебі

 

     6B03130- Психология, 6В03131- Әлеуметтік саладағы  психолог- консультантты  даярлау БББ бойынша студенттерінің кәсіптік практикадан өту үшін келесі мекемелермен келісім-шарт түзілген:

  1. Космедемянская ат.№23 мектеп-лицей
  2. К.М.МО.Жолдасбеков ат. №9IT лицей

      3.№75 мектеп-гимназия

      4.А.С.Пушкин ат.№1мектеп-гимназия

5.ҚР Ұлттық ұланы 6698 әскери бөлімі

      6.ҚР Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімі

  1. ЖШС №1 қалалық емхана
  2. Шымфарм ЖШС
  3. ШЖҚ №8 Қалалық емхана
  4. «АЙ-Ару» инновациялық-психология орталығы
  5. №2 Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы
  6. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ауданаралық соты
  7. Шымкент қаласы»Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі»
  8. №Talant жалпы білім беру мектебі
  9. ЖШС «ALEM» мектебі
  10. «BOLMUS» практикалық-психологиялық орталығы
  11. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «TEN QOGAM» әлеуметтік қорғау орталығы
  12. Жастар ресурстық орталығы КММ
  13. С Д.И.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицей
  14. Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицей
  15. Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-лицей
  16. О.Жандосов атындағы №30 жалпы орта мектеп
  17. № А.Навои атындағы №11 жалпы орта мектеп
  18. 132 Жалпы орта білім беретін мектеп

 

 

 

 

 

    «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының  3  курс студенттерінің «Оқу тәрбиелік»  педагогикалық практикасын өту мерзімі бұйрық бойынша 2023 жылдың 23 қаңтардан  17 ақпанға  дейін анықталған. Практика базалары Шымкент № 41 А.С. Макаренко  атындағы  мектеп-лицей , Шымкент қаласы, «ASKAR»  атындағы  интеллектуальная школа , Шымкент қаласы, «Теспе ЖББОМ, Ордабасы ауданы, Теспе ауылы, № 16  ЖОББ  мектеп , Шымкент қаласы, «Шобанақ» жалпы орта мектебі, Түркістан облысы, Сауран ауданы, № 34 Ә.Молдағұлова  атындағы ЖББОМ, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, № 15 Д.И. Менделеев  атындағы мектеп-лицей,  Шымкент қаласы, № 80 А.Сейдимбек  атындағы мектеп-лицей,  Шымкент қаласы, №52 мектеп- лицейі, КММ  Шымкент қаласы, №1 А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясы, №65 Ы.Алтынсарин  атындағы  мектеп-гимназия , Шымкент қаласы№ 112 «Ақ көгершін» бөбекжай балабақша» бөбекжай балабақшасы,  С.Ерубаев атындағы № 24 мектеп-лицейінде, М.Мәметов атындағы №35 мектеп-лицейі, №80 мектеп - лицейі,  №38 Н.Оңдасынов атындағы мектеп-гимназия, «Алтынбастау»   ЖОББ  мектеп, Төлеби ауданы, Алтынбастау ауылы,  ретінде белгіленді.
     Жоғарыда аталған топтардың   практика анықталған базалармен алдын ала келісім шарт жасалынып практиканың бағдарламасымен мектеп директоры, психологтары және сынып жетекшілері мен мекеме әдіскерлері таныстырылды. Мектеп психологтары және пән мұғалімдері, сынып жетекшілері және балабақша әдіскерлері мен тәрбиешілері  студенттердің практикасын ұйымдастыруға қажетті көмек көрсетті. Оқу тәрбиелік  практика ұйымдастыру үшін кафедрада келесі даярлық жұмыстары жүргізілді: 3 курста өтетін практикаға баратындары туралы мәлімет берілді. Практиканы өту алдында студенттермен бағдарлау конференциясы өткізілді және топ студенттердің алдында тұрған мақсаттары мен міндеттері толық айқындалды. Жоғарыда аталған мектеп және балабақша ұжымдарының  ұйымдастырылған педагогикалық кеңесте мектеп директоры студенттерді мектептің педагогикалық ұжымымен таныстырып, практиканттарға барлық сыныптарда анықталған мақсат бойынша зерттеу жұмыстарды жүргізуге жағдай жасау қажет екендігін айтты. Практика барысында барлық студенттерге мектеп және балабақша ұжымы дер кезінде қажетті көмектерін көрсетіп, өз тәжірибесін үйретуге тырысты.
            Практика бағдарламасы талабы бойынша мекеме тарихымен танысып, апталық жоспар құрылып, сол бағыт бойынша жұмыс жүргізілді. Ашық сабақтар, психологиялық тренингтер өткізіліп, жеке тапсырмаларына реферат жазып, белгіленген сынып оқушыларының құжаттарымен (тәрбие және ашық сабақтар, психологиялық-педагогикалық кеңес қорытындысы, психологиялық-педагогикалық мінездемелер, проективті тестілер  мен отбасы жағдайы туралы мәліметтер және т.б.) танысып, оларды талдай білді. Балалардың дене және психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, сыныптар мен топтарды іріктеу процесіне қатысты. Оқу іс-тәжірибесінің ұйымдастырылу жақсы деңгейде, жоспар бойыша жүргізілді..Бөлінген бастауыш сынып оқушылардың әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау дағдыларын зерттеп, үйренді. Сонымен қатар, студенттер сол мектептегі инклюзивті кабинетпен таныса отырып, сол жерде қызмет жасайтын психологтардың құжаттарымен танысты. Студенттердің теориялық білімдері іс-тәжірибе барысында жинақталған материалдарды өңдеу, т.б.
«Саясаттану» кафедрасы
 
1.К.Р мемлекеттік қызмет істері департаменті Шымкент каласы (2023-2028ж)
 
2.⁠ ⁠Жастар ресурстық орталығы (2023-2028ж)
 
3.⁠ ⁠Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандык әкім аппараты (2023-2028ж)
 
4.⁠ ⁠«AMANAT» партиясы Шымкент калалык филиалы (2023-2028ж)
 
5.⁠ ⁠«Акжол» партиясы Шымкент қалалық филиалы (2023-2026ж)
 
6.⁠ ⁠Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы (2022-2025ж)
 
7.⁠ ⁠Карағанды облысы Сәтбаев каласы әкімдігі (2022-2025ж)
 
8.⁠ ⁠Шымкент қаласы Дін істері баскармасы (2021-2025ж)
 
9.⁠ ⁠Қазақстан Халыктар Ассамблеясы (2021-2024ж)

7.Студенттер үйі

    "Тарих және педагогика", "Спорт және туризм" факультеттерінің ұйымдастыруымен  2022 жылдың 15- қарашасы күні Университетіміздің 1-жатақханасында жататын студенттер арасында волейболдан спорттық іс шара өтті.
Іс шараның мақсаты: Бос уақытты тиімді пайдалану және өскелең ұрпақты спортқа баулу.

       Жарысқа 5 команда қатысты "Сұңқар", "Жалын"," Талпын", " Жанұя","Жандостар" белсенділік танытты. Саясаттану мамандығы ІІ дәрежелі диплом "Сұңқар" командасы марапатталды.
         Жарыс қызықты, тартысты өтті.Жарыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.Жарыс жеңімпаздары арнайы  грамотамен  марапатталды.

   

8.Студенттерді әлеуметтік қолдау
 

1

Университет гранттары

2

Мектеп оқушылары арасындағы қалалық және облыстық олимпиада жеңімпаздарына грант

3

Университет намысын қорғайтын спортшы студенттерге (Универсиада, олимпиада, Әлем чемпионаты) жеңімпаздарына жеңілдіктер

4

Облыс, қала университеттің қоғамдық саяси жұмыстарына және қоғамдық өміріне тұрақты қатысатын белсенді студенттерге жеңілдіктер

5

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған тұл жетім студенттерге және балалар үйінің тәрбиеленушылеріне жеңілдіктер

6

І,ІІ,ІІІ топ мүгедектігі бар немесе ата- аналарының бірі осы топтағы мүгедектігі бар студенттерге арналған жеңілдіктер

7

М.Әуезов атындағы ОҚУ-да бір отбасыдан бір мезетте екі немесе одан көп оқитын студенттерге арналған жеңілдіктер

8

Атаулы өндірістік гранттар

9

Тіл курстары

10

Шығармашылық үйірмелер

9.Жоғары мектеп/факультет жетістігі
      “Қазақстан Республикасының үздік студенті-2022” республикалық байқауы 2022 жылдың 26 қарашасында Астана қаласында “Қазақстан Республикасының үздік студенті-2022” халықаралық байқауы өтті. Бұл байқауға М.Әуезов атындағы ОҚУ, “Тарих және педагогика” факультеті, “Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі” кафедрасының ТП-20-10к2 студенті Қалқаман Шапағат Әбілханқызы қатысып,нәтижесінде “Жылдың үздік студенті” дипломмен және төс белгісімен марапатталды. Жетекшісі Өтепбаева Ұлдана Жандарбекқызы “Алғыс хатпен” мараппатталды.
            «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 4-курс студенті Юнусов Эмир Халықаралық студенттер қауымдастығы ұйымдастырған 2022 жылғы «ТМД-ның үздік студенті» халықаралық жобасының жеңімпазы атанды (Астана қаласы) «Бөбек жалпыұлттық қозғалысы» қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен, онда ол І дәрежелі дипломмен, «ТМД-ның үздік студенті» төсбелгісімен және еліміздің білім, ғылым, спорт және мәдениетіне қосқан үлесі үшін төсбелгісімен марапатталды.
      Юнусов Эмир сондай-ақ университеттің іс-шараларына белсене қатысады, ол - оқу үздігі, грант иегері. Эмирдің бірнеше рет жүлделі І орындарды иеленген түрлі секциялар бойынша Университеттік студенттік конференцияларға белсенді қатысуын атап өткен жөн. Талантты студент Юнусов Эмир тілдерді үйренуге, журналистикаға, музыкаға қызығады, гитарада кәсіби ойнайды, түрлі байқаулар мен жобаларға қатысады.

    Астана қаласында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Үздік студенттер академиясының» ұйымдастыруымен Тәуелсіз мемлекеттер достастығының студенттері арасында «ТМД-ның ҮЗДІК СТУДЕНТІ - 2023» атты халықаралық байқауы өтті. Бұл халықаралық байқауға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің “Тарих және педагогика” факультеті, “Жалпы педагогика және психология” кафедрасының, Әлеуметтік саладағы психолог-кеңесшілерді даярлау БББ 1-курс студенті Серікбаева Ажар Қайратқызы қатысқан болатын. Нәтижесінде Серікбаева Ажар І дәрежелі дипломмен және төс белгімен марапатталды. Ғылыми жетекшісі: PhD, доцент Үсенова Ақкенже Мұқанқызы.

   М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 2022 жылдың 26-27 ақпан аралығында өткен «AQIQAT» пікірсайыс орталығының 20 жылдығына орай, «Біз болашаққа жауаптымыз» ICE CREAM CUP V ашық аймақтық пікірсайыс турнирінің нәтижесі бойынша «Тарих және педагогика» факультетінің Саясаттану кафедрасының 1 курс студенті Сансызбаева Лаура "Ең үздік спикер" (15 000тг) номинациясын иеленді.

    Сыбайлас жемқорлық - бұл мемлекет қауіпсіздігіне жүйелі қауіп, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіретін фактор.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықпен күресуге міндетті.
"ПАРАСАТ" Орталығы ұйымдастырған "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік бейнеролик" атты байқауына «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын ТП 20-1К тобының студенттері марапатталды.

       Coursera-Стэнфорд университетінің информатика профессорлары Эндрю ы мен Дафна Коллер негізін қалаған жаппай онлайн білім беру жобасы. Оның аясында интернетте білім беру материалдарын жариялау жобасы бар .Жоба жүйеде әртүрлі білім салалары бойынша курстар жариялайтын және жүргізетін университеттермен ынтымақтасады. Тыңдаушылар-ТП 20-1 Р, ТП 20-1 К (ОП 6 В 01110-Педагогика және психология) топтарының студенттері курстардан сәтті өтіп, Coursera сертификаттарының иегерлері атанды.

       2023-2024 оқу жылында Саясаттану кафедрасының доценті,  PhDТанкиш Назира Полатқызының жетекшілігімен ТП-21-4к тобының студенті Асан Ләззат "Қазақстан - Әзірбайжан: ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері" оқу профиліне сәйкес студенттердің халықаралық  ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстары конкурсына «Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығының интеллектуалды ұлттың пісіп-жетілуіндегі рөлін анықтау» атты тақырыптағы ғылыми жұмысы ІІ- орын иеленді;
        2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің жыл сайынғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсына М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің СҒЗЖ конкурстық  комиссиясы 6В03120-«Саясаттану» білім беру бағдарламасы бойынша екі жұмыс ұсынды. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында СҒЗЖ республикалық конкурсының II кезеңін ұйымдастыру және өткізу бойынша Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6В03106 – Саясаттану» секциясы бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық  жұмыстардың конкурстық комиссиясы білім алушылардың ғылыми жұмыстарын саралап, марапатқа ұсынуға шешім қабылдаған білім алушылардың қатарында  біздің кафедрамыздың білім алушылары бар. Олар: кафедраның доценті,  PhDТанкиш Назира Полатқызының жетекшілігімен ТП-21-4к тобының студенті Табиғат  Серікқызының«Саяси ілімдер тарихындағы еркіндік және саяси еркіндік мәселелерінің арақатынасы» атты тақырыптағы ұсынған ғылыми жұмысы министрліктің III дәрежелі диплом иегері; кафедраның доценті,  PhDТаукебаева Эльмира Серікқызының жетекшілігімен ТП-22-4к2 тобының студенті Бегалиева Әсел Ғалымжанқызының «Выход к морюриски и возможности: альтернативный сценарий дляКазахстана» атты  тақырыпта ұсынған ғылыми жұмысын университеттің ақшалай сыйлығына ұсынған.
     «КІТАПХАНА ІСІ» БББ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК СТУДЕНТТІК ОЛИМПИАДА
    2024 жылғы 12 сәуірде М.Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан университетінің қабырғасында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында 6В03210 – Кітапхана ісі және 6В03205 – «Кітапханалық ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламалары бойынша XVІ республикалық студенттік пәндік Олимпиада жұмысын бастады.
  Студенттік пәндік олимпиаданың ұйымдастырушылары «Тарих және педагогика» факультетінің «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасы және әдістемелік мәселелерді шешу аға оқытушылар Р.С. Лабенова, М.Е. Тойева, И.К. Саурбаева болды.
   Олимпиаданың мақсаты білім беру үдерісіне инновацияларды іздеу және енгізу, кітапханашылардың кәсіби батылдығы мен дербестігін дамыту, болашақ мамандардың таланттары мен қабілеттерін анықтау болып табылады.
Олимпиадаға Қазақстанның 6 жоғары оқу орнынан барлығы 26 студент қатысты:
  1. «Рухани қазына» командасы. Әл-Фараби Қазақ ұлттық университеті. Жетекшісі - мамандық үйлестірушісі, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Т. Н. Мұхажанова;
  2. «SmartLady» командасы. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті. Жетекшісі - Бектемір А.Ә.;
  3. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Bibliohile» командасы. Жетекшісі - Бектемір А.Ә.;
  4. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Biblioagents 07» командасы. Жетекшісі - Өтешева З. Б.;
  5. «Tashenev Book keepers» командасы. Ж.А. Ташенева. Жетекшісі-Сырайлова Ғ. М.;
  6. Оңтүстік Қазақстан университетінің «ARMARIS» командасы. М. Әуезов. Жетекшісі – Тойева М. Е.
   Олимпиада бағдарламасы үш турдан тұрады: командаларды қарсы алу, (командалар бейнероликтер мен бейне презентациялар арқылы жарысты, өздері туралы, қазіргі кітапханашы кім екендігі және қоғамдағы әлеуметтік рөлі туралы өз көзқарастары туралы айтты; презентациялар, сұрақтар мен жауаптар, кітапханалық қызметке байланысты ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеу және қорғау және олардың өзектілігін, толықтығын көрсету тақырыпты ашу, ресурстық және кадрлық мүмкіндіктер, шығармашылық тәсіл.
    Қазылар алқасы Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми әмбебап кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің басшысының төрағалығымен Байділдаева Ақбопе Сағынтайқызы байқауға қатысушыларды олардың креативтілігін, жаңашылдығын, ақпараттық технологияларды пайдалануын, эрудициясын, тапқырлығын, білім деңгейін, тез шешім қабылдау дағдыларын ескере отырып бағалады.
  «Кітапхана ісі» БББ бойынша XVІ республикалық студенттік пәндік олимпиаданың қазылар алқасының мүшелері Л.Ж. Өтеғұлова - М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Ақпараттық-білім беру орталығының кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі болып табылады; Кукеева М.К., Мусаева С.Т. - п.ғ.к., «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының доценттері; Отарбаева Г.К. - «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының меңгерушісі.
6В02203 - «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша XVI Республикалық пәндік олимпиада
     2024 жылдың 19 сәуір күні Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде өткен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің 6В02203 - «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша XVI Республикалық пәндік олимпиадасында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу Университетінің «Тарих және педагогика» факультетінің «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының «Әуезов қырандары» командасы III-орын иеленді. Команда құрамында: ТП-21-5кр тобының студенттері Өтепбай Ерасыл Ержанұлы, Мәулен Азамат Көпжасарұлы, Кунисов Алишер Асқарұлы, Шамшат Әлиасқар Нұридинұлы, Елемес Назерке Бауыржанқызы.
«XXI ғасыр педагогикасындағы Абай мұралары» республикалық олимпиадасы
   “XXl ғасыр педагогикасындағы Абай мұралары” атты Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінде өткен педагогикалық мамандықтар студенттеріне арналған lll Республикалық олимпиадасында жоғары деңгейде интеллектуалдық және шығармашылық қабілет танытқаны үшін “Жалпы педагогика және психология” кафедрасының “Нұрлы Ақыл”тобы жүлделі 3 орынға ие болды! Топ жетекшілері: кафедра меңгерушісі, PhD,доцент А.М. Үсенова, аға оқытушы Қ.Е. Ауелова.
ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
     2024 жылдың 17 мамыр күні Нәрікбаев атындағы Қазақ Гуманитарлық Заң университетіне 15 жетекші жоғары оқу орындары студенттерінің басын қосқан «Психология» білім беру бағдарламасы бойынша XVI Республикалық пәндік олимпиада өтті.
    Пәндік олимпиадаға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының 6В03130-«Психология» білім беру бағдарламасы бойынша студенттер – Мария Анепкина, Алексей Окаев, Аспан Турсын қатысты. Ғылыми жетекшілері – психология ғылымдарының кандидаты, доцент А.О.Шоманбаева, аға оқытушы С.Е Дуанаева.
  Республикалық пәндік олимпиада 3 кезеңді қамтыды, атап айтқанда:
1. Компьютерлік тестілеу
2. Кейс шешу
3. Психологиялық пікірталас
    Әуезов студенттері психологиялық терең білімі мен кәсіби шеберлігін көрсете отырып, университетімізді республикалық деңгейде лайықты түрде таныстырды. Нәтижесінде Мария Анепкина 3-дәрежелі дипломға ие болып, А.Окаев, А.Турсын алғыс хаттар және сертификатпен марапатталды.
6В03103 – Психология бөлімі бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсының II кезеңінің қорытындысы
               2024 жылғы 16-21 мамыр аралығында Нәрікбаев атындағы Қазақ Гуманитарлық Заң университеті, Психология кафедрасында студенттердің республикалық ғылыми – зерттеу жұмыстарының  конкурсы бойынша  6В03103 –Психология бөлімінің II кезеңі комиссиялары пс.ғ.к., кафедра меңгерушісі А.С. Мамбеталина,  пс.ғ,к Айтышева А. М., пс.ғ,к., Карибаева Г.М., PhD Абенова С. У. және ә.ғ.к Ганиева Г.Х.  тұлғалар қатысуымен  отырыстары өткізілді.
        Байқауға 16 жұмыс (28 студент, 15 ғылыми жетекшілер) қарастырылды. Студенттердің ғылыми жұмыстарын қарап, ЖОО-ның конкурстық комиссиясы марапаттауға ұсынуға шешім қабылдады:
III дәрежелі Министрліктің дипломдарымен ғылыми-зерттеу жұмыстары:
- «Студент жастардағы тәуекел факторларын және тәуелділік мінез-құлқына бейімділікті зерттеу», «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»,«6В03130-Психология» ББ 4 курс студенті Мария Дмитриевна Анепкина.
Ғылыми жетекшісі: пс.ғ.к., доцент Шоманбаева А.О.
 
10.Қызықты студенттік өмір
       "Тарих және педагогика", "Спорт және туризм" факультеттерінің ұйымдастыруымен  2022 жылдың 15- қарашасы күні Университетіміздің 1-жатақханасында жататын студенттер арасында волейболдан спорттық іс шара өтті.
Іс шараның мақсаты: Бос уақытты тиімді пайдалану және өскелең ұрпақты спортқа баулу.
Жарыс қызықты, тартысты өтті.Жарыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.Жарыс жеңімпаздары арнайы  грамотамен  марапатталды.

11Кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты

Манашахов Е.И.

    Байланыс нөмері: 87763299102

    12.Қабылдау комиссиясы (сілтеме)

    fk.auezov.edu.kz


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.