АҚШ ПРОФЕССОРЫ AUEZOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ МЕН МАГИСТРАНТТАРЫНА ДӘРІС ОҚЫДЫ.

2025 жылғы 07-09 сәуір аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Тарих-педагогика факультетінің «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасы 7М02208 – «Дүниежүзілік тарих», 7М02220 - «Тарих», 7М016553 – «География және тарих» және 6В03210 – «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламаларының магистранттары мен студенттерімен білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ әріптестік байланыстарды нығайту аясында PhD докторы, библиограф, Индиана университетінің (Блумингтон, АҚШ) Таяу Шығыс, Орталық Еуразия және исламтану кафедрасының профессоры Акрам Хабибулаев сабақ өткізді. 
Профессордың дәрістері білімалушылар үшін қажетті ақпаратты іздеу және қолжетімді ғылыми деректер қорларында ақпараттық ресурстарды пайдалану мәселелеріне арналған.
Тыңдаушыларға кітапханалық-ақпараттық зерттеулерде жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Шақырылған профессордың жұмыс бағдарламасында кафедраның білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттарына кеңестер, мастер-класс және дөңгелек үстел өткізілді. Қазақ, өзбек, ағылшын, араб, парсы, түрік және басқа да түркі тілдерін меңгерген филолог, шығыстанушы, исламтанушы Акрам Хабибуллаев Йемен мен Ливияда, Ұлыбританиядағы Оксфорд исламтану орталығында зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Профессор А. Хабибуллаев М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетімен ғылыми байланыстарды және бірлескен зерттеу жобаларын дамыту мақсатында тәжірибе алмасу бойынша нәтижелі ынтымақтастық орнатты.  Бұл білім және ғылым саласындағы одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт береді.

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.