Жалпы мәліметтер

Дене тәрбиесі және спорт саласында кәсіби маман даярлауда көпжылдық ғылыми және оқытушылық тәжірибесі бар жоғары дәрежелі оқытушылар, ғылым кандидаттары, доценттер жұмыс істейді. Олар, доценттер: Тлеулов Э.Д.,  Жолдасбекова Б.А.  және т.б.      
Кафедрадағы оқу процестерін ұйымдастыру жұмыстары ҚР  ЖМББС және т.б. нормативтік құжаттарға сай. Кафедрада  замануи инновациялық педагогикалық технологиялар енгізілген. Олар презентациялар, тесттер, глоссарийлер. Кафедра оқытушылары оқу процесінде пән бойынша студенттердің танымдық белсенділіктерін арттыру құралдарын, дәріс сабақтарында бейнематериалдарды, бейнежазуларды кеңінен қолданады.          
Кафедра студенттері қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілген.
Кафедрада студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында СӨЖ, бақылау, басқару және жоспарлауға арналған, курстық және дипломдық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар жасалған.            
Кафедрадағы  СӨЖ, ОСӨЖ-ді ұйымдастыру оқылатын пәндердің бағдарламасына сәйкес.
Кафедрада барлық мамандықтар бойынша дәріс топтамалары және конспектілер бар.  
Кафедраның базалық пәндеріндегі дәріс сабақтарының мазмұнына спорт ілімінің жаңа жетістіктері, ҚР Спорт туралы Заңы, Президент сынамалары,  ҚР Үкіметінің кешенді бағдарламалары енгізілген.
Кафедра студенттерінің оқу үлгерімін бақылауды ұйымдастыру жұмыстары  студенттерді аттестаттау ережесіне сай.  Оқу пәндері бойынша емтихан тест түрінде, ауызша және жазбаша түрде жүргізіледі.       
Мемлекетаралық бақылау  нәтижесі студенттердің білім деңгейінің сапасы маман даярлау сапасына сай екендігін көрсетті. Кафедрада төмендегі өзекті мәселелер бойынша әдістемелік семинар жұмыс істейді: «Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі», «Кәсіби-қолданбалы дене дайындығының заманауи мәселелері», «Әр түрлі жастағы тұрғындардың қимыл белсенділігінің күн тәртібі».
Мамандарды дайындаудың мақсаты мен міндеті педагогикалық іс-тәжірибені өткізу және ұйымдастыру талаптарына сай. Кафедрада оқу-ғылыми өндірістік кешендерімен (УНПК) жасалған келісім-щарттар,  студенттерге іс-тәжірибеде берілген тапсырмаларды орындаудың бағдарламалары мен әдістемелік нұсқаулары бар. Педагогикалық іс-тәжірибе біткеннен соң іс-тәжірибенің қорытындысы бойынша студенттер дифференциалдық сынақ тапсырады. Өзекті мәселелер бойынша студенттерге шолу дәрісін өткізеді.

Төмендегі мекемелермен келісім-шарттар жасалған: №50 А.Байтурсынов атындағы мектеп-гимназия, №1 А.С.Пушкин атындағы мектеп гимназия, №077 А.Аскаров атындағы мектеп гимназия, №087 жалпы орта мектеп, Т.Тәжібаев атындағы №47 орта мектеп, №75 мектеп гимназия, оқу-ғылыми өндірістік кешендері: Төлеби ауданы мамандандырылған мектеп-интернат, №87 орта мектеп, №50 мектеп гимназия, №77 мектеп гимназия.

     

 

 

 

 

 

 


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.