Тәрбие жұмысы
02.09.2019 ж. «Білім күніне» байланысты университет ректоры, профессор Д.П.Қожамжарова жаңа оқу жылымен барлық профессор – оқытушылар қауымын және студенттерді, бірінші курс студенттерін университет әлеміне алғаш қадам басқан күндерімен шын жүректен құттықтап, жаңа оқу жылында барлығына табыс тіледі. 1-қыркүйек Білім күніне арналған іс-шара «Денсаулық» спорт кешенінде өтті.
13.09.2019 ж. 1-курс студенттерін кафедра меңгерушісі Білім туралы заңмен, ЖОО жарғысымен, Ішкі тәртіп ережелерімен, студенттердің құқықтары мен міндеттерімен, университет құрылымымен, факультет басшыларымен таныстырды. 1-курстың топ тәлімгерлері топ студенттерін университет мұражайына апарып, оның тарихымен, дәстүрлерімен таныстырып шықты.
14.09.2019ж. «Оңтүстік Қазақстан» газетінің №136-137 сенбі 14-қыркүйек 2019 жылғы санында кафедраның аға оқытушысы Г.Н.Алтаева ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Дәстүрді бойына сіңірген жастардың ой-өрісі кеңейе түседі» атты тақырыпта мақала жариялады.
4.10.2019ж. академиялық топ тәлімгерлері әр топтағы шетел студенттерімен миграция жайлы, тіркелу жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда 1-курсқа қабылданған шет ел азаматтарымен 1-курс топтарының тәлімгерлері Ж.Ш. Есмаханова, Н. Рысбаев, М. Дүйсеев, Б.Ә. Тұрысбек, Г.Н. Алтаева түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
16.10.19 ж. ФК-18-1р тобында тәлімгер Р.А. Конашева "18 қазан – Қазақстандағы Рухани келісім күні" аясында тәлімгерлік сағат өтті. Тәлімгерлік сағат бойынша баяндама жасалып, студенттер арасында тақырып талқыланды.
22.10.2019 ж. күні академиялық топ студенттері арасында «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркенднеуінің негізі» атты мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жолдауды насихаттау барысында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға кафедра ПОҚ толықтай жауап берді. Академиялық топ студенттері тәлімгерлік сағаттың тақырыбына қатысты баяндамалар жасады.
29.11.19 ж. күні «Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының студенттері арасында «1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні: Ұлт көшбасшысы, сарабдал саясаткер» тақырыбында тәлімгерлік сағат өткізілді.
13.12.19 ж. күні ФК-19-1к7 тобында «Тәуелсіздік – тұғырым» атты ҚР ның тәуелсіздік күніне арналған тәлімгерлік сағаты өткізілді. Топ студенттері тақырып бойынша дайындап келген баяндамаларымен таныстырды. Хаттамалары тәлімгерлік журналдарда тіркелген. Топ тәлімгері -Жолдасбекова Б.А.
5.12.2019 ж. күні кафедра меңгерушісі А.Т.Балабеков кафедра студенттерімен Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» деп аталатын мақаласын насихаттау негізінде «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» тарауын студенттермен талқылады. Кездесу барысында студенттерді қызықтырған сұрақтарға толықтай жауап берді.
Академиялық топтардың тәлімгерлік сағаттарының кестесі бойынша діни экстремизмнің алдын алу, діни төзімділікті қалыптастыру мақсатында «Діни төзімділікті қалыптастыру» тақырыбында тәлімгерлік сағаттар өтізілді. Баяндамалар жасалып, хаттамалары жазылды.
2019 жыл 15-қараша күні №1 жатақханада тұратын студенттермен «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасын жүзеге асыру мақсатында «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы—ауқымды энциклопедиялық ізденіс бастамасы» жаңа оқулықтармен таныстыру үшін кафедраның тәлімгерлері кездесу өткізді. Атап айтсақ Б.Тұрысбек, Р.Конашева, Г.Н.Алтаева кездесу барысында студенттер қойған сұрақтарға толықтай жауап берді.