Ермекбаев Мухтар Абенович

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Кафедра меңгерушісі

Байланыс мәліметтері: А.Байтұрсынов көшесі, 35/4 (№7 ғимарат), 334 кабинет 

Жұмыс телефоны: 8(7252) 36-71-93

 Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

►Профессор-оқытушылар құрамы

►Профессор-оқытушылар құрамы

►Кафедра тарихы

Жаңалықтар

Жетістіктер және жүлделер

►Оқу-әдістемелік жұмыстар

►Ғылыми-зерттеу жұмысы, СҒЗЖ

►Тәрбие жұмысы

►Хабарландыру

 

«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының тарихы мен табыстары

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Тарих және педагогика» факультетінін «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының тарихы 1996 жылдан басталды.1997-2000 жылдар аралығында кафедраны филол.ғ.к., профессор Қ.Молдабек басқарды.

2001 жылы кафедра екіге бөлінді: «Бастауыш мектептің жаратылыстану пәндерін оқытудың теориясы мен әдістемесі» (кафедра меңгерушісі п.ғ.к.,доцент Л.Т.Ысқақова) кафедрасы және «Филологиялық пәндерді оқытудың теориясы мен әдістемесі» (кафедра меңгерушісі филол.ғ.к.,профессор Қ.Молдабек). 2003-2005 жылдар аралығында «Филологиялық пәндерді оқытудың теориясы мен әдістемесі»кафедрасына п.ғ.д., профессор А.Б.Абибуллаева басшылық етті. 2007 жылы екі кафедра бірігіп, «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедра меңгерушісі қызметін п.ғ.д., профессор Л.Т.Ысқақова атқарды. 2012-2017жылдар аралығында кафедраны 2013 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» б.ғ.к., доцент С.М.Сихимбаева басқарды. 2017-2020 жылдар кафедраны ф.ғ.к., доцент, Қазақстан Республикасының Журналистер одағының мүшесі Қ.М.Уразбаев басқарды.

2020 жылдан қаңтар айынан бастап «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту мен әдістемесі» кафедра меңгерушісі қызметін педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ермекбаев Мұхтар Әбенұлы атқарады.

Кафедра тарихында ЖОО-ң «Үздік оқытушы» грантының жеңімпаздары С.М.Сихимбаева, Л.Т. Искакова, Г.О.Жетпісбаеваны атап өтуге болады.Кафедрада кәсіби деңгейлі профессор оқытушылар мен жоғары білікті  мамандар жұмыс істейді. Бүгінгі таңда Елбасының  үш тілді саясаты бойынша кафедрада үш тілділік топтар ашылып, жұмыс жасауда. Сонымен қатар кафедра ұжымы «Отандық мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің вариативтілігі» атты өзекті мәселелер бойынша түрлі ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

2018-2019 оқу жылында республикалық пәндік олимпиадада 6В01210- «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы»мамандығы бойынша «Күншуақ» командасы 1-орын, 6В01310-«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша «Болашақ» командасы 3-орын иеленді.

Оқытушы-профессорлар құрамы

Кафедраның толық штат саны -31, оның 2 ғылым докторы,14-і ғылым кандидаты, 1-профессор,15-і доцент, 6-еуі аға оқытушы.Кафедра құрамындағы профессор-оқытушылар өз ісінің шебері,«ЖОО орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік гранттың иегерлері тәрбие мен білімді ұштастыра білген ұстаздар қызмет етеді.

6В01210- Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы, 6В01310 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандықтары Қазақстанның ЖОО білім беру бағдарламаларының рейтингі  қорытындысы бойынша үш жыл қатарынан  І орынды иеленіп келеді.Ұлттық аккредитация орталығы ұйымдастырған рейтинг бойынша «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» бакалавриат мамандықтары Республикамызда І орынды иеленген.

Кафедраның тәрбие жұмысының орындалуы

Барлық академиялық топтарда оқу жылына арналған жаңа тәрбие жұмыстарының жоспарлары түзілген.

Барлық тәлімгерлер бекітілген жоспар бойынша жұмыстарын  атқаруда. Топтарға тағайындалған тәлімгерлер апта сайын тәлімгер сағаттарын өткізіп, хаттамаларын жазып отырады. Мерекелер қарсаңында қабырға газеттері шығарылып, кафедра және аудиторияны безендіруге әр топ ат салысады.

Сонымен қатар кафедра тәлімгерлерінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес «Нашақорлық – ғасыр індеті», «Табиғатты аялайық», «Жаны саудың – тәнісау», «Діні қуатты елдің іргесі берік», «Жастар және дін» атты тақырыптарда ашық тәрбие сағаттары өтіледі. Тәрбие сағаттарының мақсаты студенттердің бойына  салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, денсаулығын сақтай білуге үйрету, нашақорлықтың алдын алу, зиянды нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Жалпы           кафедрадағы  жоспар          бойынша        бекітілген      іс-шаралар  уақытында өтіліп тұрады. Тәлімгерлер әр апталық тәлімгер сағатында студент жастардың адамгершілік,патриоттық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында тәрбиелік мәні зор әңгімелер жүргізіп отырады. Факультет тарапынан берілген тапсырмалар дер кезінде орындалады. Аталған тақырыптар  бойынша презентация жасалады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түркістан облысы, Түлкібас ауданының 90-жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараларға зиялы қауымдармен бірлесе отырып,М.Әуезов атындағы ОҚМУ университетінің ректоры Д.П.Қожамжарова және «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі Қ.М.Оразбаев өз үлестерін қосты.

Кафедра оқытушыларының білімін жетілдіру жайлы мәлімет

Кафедра бойынша оқытушылар құрамының біліктілігін жетілдіру жоспары құрылғанКафедрада ОПҚ жоспарға сәйкес біліктілікті арттыру курстарын шетел және республикалық ЖОО, «Өрлеу» ҰБАО біліктілікті арттыру орталығында білімдерін жетілдіру жоспарланған.

Студенттердің педагогикалық  іс-тәжірибесі

Студенттердің теориялық білімдерін іс-жүзінде шыңдау үшін қаладағы озық, тәжірибелі мектептер мен мектепке дейінгі мекемелермен келісімшартқа тұрып, сол мектептер мен бала-бақшаларда педагогикалық іс-тәжірибелер өткізіледі.

2018-2019 оқу жылында келісімшартқа тұрған іс-тәжірибе базалары: 6В01210- «Мектепкедейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» мамандығы №82 «Еркемай» бөбекжай балабақшасы, №20«Қазына», №45«Аққу», №69«Еркебұлан» балабақшалары, ал 6В01310 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы Шымкент қаласындағы №80 мектеп-лицейіне,  №24 С.Ерубаев атындағы мектеп-лицейі,  А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп -гимназиясы.

Студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы

2016-2017 оқу жылында «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенті Н.Токкулиева Рига қаласы, Латвия университетінде «Академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелге оқуға жіберуді қамтамасыз ету» жөніндегі бағдарламасымен оқуға жіберілді.Аталған мамандықтың студенті В.Пачаджи Деусто (Испания) университетінде оқыды.

Талапкерге!

Құрметті талапкер! Университеттің жетекші мамандықтарының бірі 6В01210 - «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» және 6В01310 – "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі"  6В01 – Педагогикалық ғылымдар білім беру саласында сізге сапалы білім беруге кепілдік береді және жарқын болашақты қамтамасыз етеді.

6В01210- Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы

Оқу мерзімі: 4 жыл

Біліктілігі: Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бакалавры

Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері мектепке дейінгі мекемелердің түрлері мен типтері, балалардың даму орталықтары, білім басқармасының департаменттері болып табылады.

Кәсіби қызметінің саласы - білім беру жүйесіболыптабылады.

6В01310 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Оқу мерзімі: 4 жыл

Біліктілігі: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі бакалавры

Бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері барлық үлгідегі және түрдегі жалпы білім беретін және бастауыш мектептер, балалардың даму орталықтары, Білім басқармасының департаменттері болып табылады.

Кәсіби қызметінің саласы - білім беру жүйесі болып табылады.


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.