Жаңалықтар
Ақын М. Мақатаевтың 90 жылдығына арналған әдеби кеш
Ақиық ақын М. Мақааевтың 90 жылдық мерейтойын атап өту және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ТП 20-17 К, РС, ТП 20-1К, 1 Р топтарының тәлімгерлері - «Заманауи педагогика және психология» кафедрасының доценті, п.ғ.к. С.К. Примбетова және оқытушы Л.Ж. Бегалиеваның жетекшіліктерімен ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби кеш өтті. Іс-шарада студенттер ақынның поэтикалық өлеңдерін оқыды, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы баяндамалар жасады, музыкалық нөмірлер орындады. Тәрбиелік іс-шараға факультет деканы, п.ғ.к. Қ.М. Уразбаев, аға куратор Г.Т. Малғайдарова, кафедраның оқытушы-профессор құрамы қатысты.
Дөңелек үстел
29 қаңтарда «Заманауи педагогика және психология» кафедрасының доценті, PhD докторы А.М. Үсенова, аға оқытушы М.Т. Мырзапейсованың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында білім алушылардың құқықтық мәдениеті мәселелерін қарастыру, қалыптастыру жолдары мен дамыту мүмкіндіктерін анықтау мақсатында ПОҚ құрамы мен магистранттар, докторанттардың қатысуымен «Білім алушылардың құқықтық мәдениеті: мәселелері, қалыптастыру жағдайлары, дамыту мүмкіндіктері» атты ЖОО арасындағы дөңелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелде М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің Ғылыми Кеңесі жанындағы тәрбиелік іс-әрекет бойынша комитет төрағасы, п.ғ.д., профессор Н.Ш. Алметов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің философия докторы (PhD) А.А. Алимбекова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті деканының инновациялық жұмыстар жөніндегі орынбасары А.Д. Кариев сөз алып, кең көлемде сұхбат, талқылаулар, әдіс-алмасу жүргізілді.
Инклюзивті білім беру
Қазан айының 25-26 - күндері Минск қаласында (Беларусь) «Психофизикалық ерекшеліктері бар тұлғаларға білім беру: дәстүрлер және инновациялар» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға «Психология және дефектология» кафедрасының аға оқытушысы, психология магистрі Айтжанова Г.Т. қатысып, шетелдік әріптестеріне арт-терапия бойынша шеберлік сағатын өткізді.