Жалпы мәліметтер

Кафедра келесі мамандықтан мамандар даярлайды:

6В01, 7М01 - Педагогикалық ғылымдар: 6В01610 - Тарих,

6В02, 7М02 - Өнер және гуманитарлық ғылымдар: 6В02220 Тарих, 6В02230 – Археология және этнология, 6В02240 - Музей  ісі және ескерткіштерді қорғау, 7М02220 -  Тарих, 7М02230– Археология және этнология;

6В03,7М03 - Әлеуметтік ғылымдар,  журналистика және ақпарат: 6В03210 – Кітапхана ісі, 7М03210 – Кітапхана ісі.

Оқу үдерісін жоспарлау және теориялық білімді өндірісте практикалық дайындықпен ұштастыру негізінде кафедрада „Кітапхана ісі“ мамандығында дуальды оқыту жүйесі енгізген.

Есепті кезеңде дуальді оқыту жүйесін енгізу негізінде келісім-шарттар жасалып, өндірісте  6В02, 7М02  - Өнер және гуманитарлық ғылымдар бағытының  6В02220 -  Тарих мамандығы бойынша кафедра филиалын ашу жұмыстары жүргізілуде (Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының архиві). Филиалда өндірістегі тәжірибелі мамандарды тарта отырып, дәріс және семинар сабақтар өткізіледі.

Оқу жылында студенттер арасынан үштілді арнайы топтарын құру үшін ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау емтихандары өтіп, ТП 18-4тк тобынан студент іріктеліп алынды. Кафедра оқытушылары ағылшын тілінде дәріс беруге кіріспес бұрын, арнайы комиссиядан іріктеу конкурсы арқылы өтті. Үштілді топтарда сабақ беретін оқытушылардың саны 1 адамды құрайды, қазіргі таңда кафедраның  6 профессор оқытушысы құрамы әртүрлі деңгейде: PreIntermediate, Intermediate, Upper-Intermediate ағылшын курстарына қатысуда.

Кафедра №7 оқу корпусы А.Байтурсынов көшесінде №306 аудитория профессор оқытушылар үшін орналасқан.

Кафедраның оқу-өндірістік базалары: Шымкент қаласының орта және жалпы мектептері мен гимназия, лицейлері, Шымкент қаласында орналасқан Түркістан облысының мемлекеттік архиві, Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының архиві, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі, Д. Қонаев мемориалдық музейі, «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі», қалалық жасөспірімдер  кітапханасы, А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы.

   «Жалпы тарих және мүражай ісі» кафедрасында 24 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде – 1 тарих ғылымының докторы, профессор, 1 PhD докторы, 1 педагогика ғылымының докторы, профессор 2 педагогика ғылымдарының кандидаты, 3 тарих ғылымдарының кандидаты, 1 философия ғылымдарының кандидаты жұмыс жасайды.


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.