Ғылыми-зерттеу жұмысы, СҒЗЖ
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ Кафедрада ҚР БҒМ кеңейтілген алқа отырысында қаралған мәселелерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді. ҚР Білім министрі А.Қ.Аймағанбетов сапалы білім берудің негізгі бағыттары мен өзекті мәселелерін атап өтті. Жастарды тәрбиелеу, ғылым, мәдениет, даму ерекшеліктері бар балаларға білім беру, инклюзивті білім беру проблемалары, балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне баса назар аударылды. Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к.Бөлетова Л.А. психологиялық-педагогикалық мәселелерге, педагогтар мәртебесінің проблемасына және педагогика мен психологияның келешегіне тоқталды.