Биологияны оқытудың теориясы мен әдістемесі

        
        
        
Кафедра меңгерушісі
Қылышбаева Гүлнар Бакирамқызы
Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент

        
        
        
Мекен-жайы: Шымкент қ.: 160013, А. Байтұрсынов көш.
Телефоны: 8-7252-30-09-28
        
►Профессор-оқытушылар құрамы
        
Жалпы мәлімет
        Кафедра алғашында 1991 жылы Шымкент педагогикалық дене тәрбиесі институтында «Биология» факультетінің құрамында ашылды.
        Кафедраның алғашқы меңгерушісі болып б.ғ.к., доцент М.Сұлтанов тағайындалды. Ол «Биология» мамандығын дайындауда ауқымды жұмыстарды жүзеге асырады. Әр жылдары кафедраны басқарғандар: 1994-1996 ж.ж. профессор А.Ахметниязов, 1997-1998 ж.ж. б.ғ.к., доцент А.Исмайлов, 1998-2011 ж.ж. б.ғ.к., доцент Е.Б.Исаев, 2011-2012жж. п.ғ.к. Г.Қ.Тұрабаева, 2012 жылдан бастап доцент Г.Б.Қылышбаева басқарады.Кафедра меңгерушісі

        Қазіргі таңда «Биологияны оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы күндізгі, кешкі және қашықтықтан оқыту түрі бойынша келесі мамандықтар бойынша бакалавр мамандықтарын дайындайды. 5В011300 – «Биология», 5В060700 – «Биология», ал 6М060700 – «Биология» мамандығы бойынша магистрлер дайындайды. Мамандар дайындауда кафедрада 32 жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істейді. Оның 2 - ғылым докторы, профессор, 16 – ғылым кандидат, доценттері мен 14 магистр қызмет атқаруда.
        «Биологияны оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының профессор-оқытушылары мемлекеттік бюджет бойынша жоспарланған 3 бағыт бойынша іргелі ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
        Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстары екі мемлекеттік бюджеттік тақырып бойынша орындалады:
        1.Б-11-07-0-30   Батыс Тянь – Шань  тау  жүйесінің  ботаникалық  алуантүрлілігі. Жетекшісі: Орындаушылар: а.ш.ғ.к. Қылышбаева Г.Б., б.ғ.к. Мыңбаева Р.О., б.ғ.к. Қыдырбаева Х.К., магистр Жұманбаев Е.З., Тағайбекова Д.С. 
        Батыс Тянь – Шань тау жүйесінің ботаникалық алуантүрлілігін зерттеу нәтижелері Батыс Тянь-Шань флорасын қорғау және тиімді пайдаланудың ғылыми негізін құрап, сонымен қатар ОҚО таулы аудандарының сирек және бағалы өсімдіктерінің экологиялық жағдайын, белсенді антропогенді әсерді  анықтауға арналған материалдар «Ботаника» курсын оқытуда пайдаланылады. 
        2.Б-11-10-19  Биологиялық  пәндерді оқытудың  теориялық  және  қолданбалы  мәселелері. Жетекшісі: п.ғ.к. Тұрабаева Г.Қ. Орындаушылар: Бозшатаева Г.Т., а.ш.ғ.к. Оспанова Г.С., б.ғ.к. Мыңбаева Р.О., оқытушы Жұматаева Ұ.Т., п.ғ.к. Аңламасова Г.А., аға оқытушылар  Мырзабаева Ж.Қ., Кемелбекова Г.А., Адырбекова Г.Т.
        «Биологиялық  пәндерді оқытудың  теориялық  және  парктикалық мәселелері» Жетекшісі: доцент Кылышбаева Г.Б., Мынбаева Р.О. Алшынбаев О.А.,Кидирбаева Х.Х., Моминова К.Ш., Бердалиева А.М., магистр Жошыбекова А.С.,
        Кафедра биология ғылымының әртүрлі салалары бойынша ғылым-зерттеу мекемелері Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Шымкент мемлекеттік Дендро және Зоосаябағы, облыстық білім департаменті, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Абай атындағы ҚазақҰПУ, ҚРБҒМ «Ботаника және фитоинтродукция» ғылыми-зерттеу институттарымен оқу-ғылыми іс-тәжірибе кешендері түзіліп, келісім-шартқа отырып студенттер мен магистранттардың оқу-ғылыми жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, Ресейдің М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемелекеттік университеті, К.А.Тимирязев атындағы Рессей ауылшаруашылық академиясы, Волгоград мемлекеттік педагогикалық университеті, Өзбекстан Республикасының «Ботаника» ғылыми-зерттеу орталықтарымен студенттер, магистранттар және оқытушылар құрамы  іс-тәжірибе жұмыстары орындалуда.
        «Биология» мамандығы бойынша кафедра базасында Қытай, Өзбекстан, Түркіменстан елдерінен келген студенттер білім алуда және Шотландия, Германия елдерінен магистрант және студенттер іс-тәжірибе алмасуда.
        «Биологияны оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының студенттерінің оқу-тәжірибе нысаны есебінде «Өсімдіктерді ғылыми-зерттеу зертханасы» 2012 жылдан бері  жылыжайы  ашылған.
        Ғылыми зерттеу нысаны ретіндегі  бұл жылы жай көптеген студенттердің ғылыми зерттеу жұмысының және дипломдық, диссертациялық жұмыстарының нысаны. 
        «Өсімдіктерді ғылыми-зерттеу зертханасында» субтропикалық және тропикалық мәдени өсімдіктер (банан, інжір, ананас, лимон, құрма), көкөністер, көпжылдық өсімдіктер, қылқанжапырақты өсімдіктер жылыжай күтімінде  өте сапалы,дәмді өнім алу, интродукция  мақсатында өсіріліп жатыр.

  

  

        Жылыжай жоғарғы дәрежедегі жылыту жүйесімен жабдықталған, қазандық бөлмесі бар. Табиғи көктемгі күн шуағының түсуі мен суару жүйесі бар. Қияр мен қызанақтың өнімділігі орташа есеппен жылына 3,0-3,5 және 4,5-5,0 кг-ды көрсетті.

  

        Зертханада келесі құрал-жабдықтар қарастырылған: электронды микроскоп, спектрометр, спектрограф, калориметр және тағы басқа зерттеулер жүргізуге қажетті құралдар бар.

        «Биологияны оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасында  2011 жылдан бері ағылшын топтары ашылып, сабақты ағылшын тілінде оқылып келеді. 
        Қазіргі уақытта Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа  Жолдауындағы: “Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыру мақсатында  2016 жылдан бастап көп пәндер ағылшын тілінде оқытылып жатыр.

        «Биологияны оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының студенттерінің оқу-тәжірибе нысаны есебінде «Ботаникалық бақ» ашылған.
        Ботаникалық бақта көптеген студенттердің ғылыми зерттеу жұмысының және дипломдық жұмыстарының нысаны есебіндегі жеміс ағаштары және гүлдер бар. Әр ағашта студенттердің аты-жөні және  зерттеу нысаны көрсетілген.

        Бақта 19  түрлі жеміс ағашының 35 түбі, гүлдердің 5 түрінің 100-ден аса түбі бар.
        Онда тратуарлар реттеліп, скамейкалар қойылған.
        Биологияны оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының магистранттары «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығы (Астана каласы) ұйымдастырған VII Республикалық «Ғылым шарайнасы» атты студенттердің ғылыми жұмыстар сайысына қатысты. Сайыс нәтижесінде «Үздік мақала» номинациясы бойынша I жүлделі орынға кафедра магистранттары Асанова М., Сыдықова Ж., Телемисова А. «Социальные основы формирования здорового образа жизни студентов» атты жұмысы үшін, Қасымбекова А., Қыдыралиева М. «Биология пәнінен инновациялық технология құралдарын кіріктіру» атты жұмысы үшін III жүлделі орынға ие болып, дипломдармен марапатталды. Магистранттардың ғылыми жетекшісі, профессор Калкабаева С.А. магистранттары «жоғары жетістікке қол жеткізіп, жүлдегер атанғаны үшін» дипломмен марапатталды.


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.