Ғылыми зерттеу жұмысы
Шетелдік білім беру ұйымдары мен ғылыми орталықтарымен ынтымақтастық туралы түзілген келісім мен келісімшарттар туралы
Кафедра Казақстан және шетелдік білім беру ұйымдары мен ғылыми орталықтарымен ынтымақтастық туралы түзілген келісім мен келісімшарттар орындау барысында Ресей, Өзбекістан ғылыми оқу орындарымен жұмыс жасайды. Мысалы, ПОҚ Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде біліктілігін арттырады, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде тағылымдама өтеді. Өзбекістан Ғылым Академиясы және Санкт-Петербург мемлекеттік мәдениет және өнер институтында кафедра магистранттар ғылыми тағылымдама келісім шарт негізінде өтеді.
Шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы бойынша «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасына 2020 жылдың 10 қарашасы мен 12 желтоқсан аралығында Индиана университетінің «Блугминтон, АҚШ» Таяу Шығыс, Ислам және Орталық – Еуразиялық зерттеулері бойынша РһD, кітапханашы – библиограф, профессор Хбибуллаев Акрам дәріс оқу, ғылыми кеңес және мастер – класс өткізу үшін онлайн режимінде шақырылды. Кафедра меңгерушісі Отарбаева Г.К. ғалымды «Кітапхана ісі » білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге ҚР мен АҚШ – тағы кітапхана ісі мен білім берудің жай – күйі және даму перспективалары туралы кең ақпарат алу мүмкіндігі туралы таныстырды. «Тарихи зерттеулерге арналған замануи ағылшын – тілдік онлайн ресурстар» тақырыбы бойынша «дөнгелек үстел» өткізу жоспарланған.