Жетістіктер мен жүлделер

Кафедра жетістіктері

       «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасында «Жас өлкетанушылар»  студенттік үйірмесі   жұмыс атқарады. Үйірме жұмысы мен мәжілістері оқу жылының басында факультет Кеңесімен бекітілген жоспар  және график бойынша жүргізіледі. Жыл басында құрылған жоспар бойынша жұмыстар атқарылды, хаттамалар жазылды. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары бекітілді және  студенттер факультет, университет көлемінде ұйымдастырылған конференцияларға және Республикалық пәндік олимпиадаларға қатысты. Үздік жұмыстар іріктеліп ҚР Білім және ғылым министрлігінің СҒЗЖ-ның жыл сайын өтетін республикалық байқауына жіберілді.

2019-2020 оқу жылы Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары қорытындысы бойынша және «Түркістан облысының мемелкеттік архиві» КММ-сі «Жастар жылы» деп жариялануына орай өтілген конференцияда  марапатталған студенттер:

1. 5В041900 – Мұражай ісі және  ескерткіштерді қорғау мамандығы бойынша  ҚР білім және ғылым министрлігімен марапатталды Бахтыбай Замира ТП 18-15к  - 1 дәрежелі диплом

2. 6В01561  География - тарих  мамандығы бойынша  Момбай Гулбану  ТП 19-18к І дәрежелі диплом

3 6В01610 - Тарих мамандығы бойынша Жақсымбет Маржан  ТП 19-18к  IІІ  дәрежелі диплом

4. Зукурбаева Бағила ТП-19-3к  ІІІ дәрежелі диплом

Шетелдік білім беру ұйымдарымен және ғылыми орталықтармен ынтымақтастық туралы келісімдер мен келісімдер:

М. Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің «Жалпы тарих» кафедрасының ұжымымен бірлесе отырып білім беру бағдарламаларын дайындалуда.

Шетелдік іссапарлар, оқытушылар мен студенттермен алмасу және тағылымдамалар, халықаралық конференцияларға, көрмелерге қатысу және т.б.

Сондай-ақ, 2020 жылдың 12 мамырында кафедраның ғылыми-әдістемелік семинар жоспарынан тыс Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай I халықаралық вебинар өткізілді. ZOOM платформасында ұйымдастырылған ғылыми-әдістемелік семинар тақырыбы: «Әл-Фараби – Ұлы Дала ойшылы». Іс-шараға университет оқытушыларымен қатар М. Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің «Жалпы тарих» кафедрасының тарихшы-ғалымдары қатысып баяндама жасады. Өзбекстан Республикасынан вебинарға қатысқан қонақтар арасында т.ғ.к., доцент С.И. Габриэльян, т.ғ.к., доцент Д.Ж. Ураковтың Әл-Фараби бабамыздың тарихи-философиялық көзқарасы, музыкалық мұрасы жөнінде айтқан құнды пікірлері қатысушылар тарапынан жоғары бағаланып, ерекше қызығушылық туғызды. Сонымен қатар, вебинарда М. Әуезов атындағы ОҚМУ көрнекті ғалымдары – М. Рахимшикова, Н.Е. Тажмуханова, Р.Н. Кенжебай, Е.Д. Пазилов белсенділік танытып, баяндама жасады. Аталмыш іс-шарада кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Г.К. Отарбаева модераторлық жасап, жүргізіп отырды. Вебинар соңында М. Әуезов атындағы ОҚМУ мен Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті ғалымдары арасында Әл-Фарабидің мұрасын бірлесе зерттеу бағытында әріптестік келісім-шарт жасалды. Семинарға қатысушыларға арнайы сертификаттар берілді.

 


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.