Кафедра тарихы
«Психология және арнайы педагогика» кафедрасының тарихы
Кафедраның негізгі мақсаты барлық бағыттағы мамандықтар бойынша 1-2 курс студенттеріне психология пәнін оқыту болып табылды.
2005 жылдан бастап кафедра 5В010500-«Дефектология» мамандығы бойынша студенттерді дайындады.
2018ж бастап 6В03130-«Психология» мамандығы бойынша студенттер дайындайды.
Университеттердің қайта ұйымдастырылу және үш университет базасының бірігу кезеңінде Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің негізінде психология кафедрасы 1996 жылы қайта ашылды.
2020 жылдан бастап кафедра меңгерушілігіне ҚР білім беру ісінің үздігі, 2010 жылдағы «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері, 2011 жылдың «Үздік профессоры» атағының иегері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, З.Б.Қабылбекова тағайындалды.
НАОКО және НААР аккредитациялары нәтижесі бойынша 5В010500- (6В019) «Дефектология» мамандықтары 2014 жылдан бастап 1 орын иеленді. Біздің студенттер жыл сайын психологиядан және дефектологиядан Республикалық пән олимпиадаларынан жүлделі орын алады. Академиялық ұтқырлық бойынша үздік студеттеріміз Польша, Ресей, Қазақстан ЖОО оқиды.
Кафедра келесі оқу бағдарламалары бойынша бакалаврларды дайындайды:
6В01910- «Дефектология» (Логопедия)
6В01912-«Сурдопедагогика»
6В03130- «Психология»
7М03130-«Психология»
«Психология және арнайы педагогика» кафедрасында 32 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде – 1 психология ғылымының докторы, 2 профессор, 3 педагогика ғылымының докторы, 6 педагогика ғылымдарының кандидаты, 17 педагогика және психология, дефектология магистрлері жұмыс жасайды.
Кафедрада 6М050300 «Психология» мамандығы бойынша бакалавр және магистранттар даярланады. Кафедрада жетекші психология ғылымының докторлары және кандидаттары сабақ береді. Кафедрада ЖОО психологияны оқытудың негізгі ерекщеліктері теориялық білім мен практикалық дағдының тығыз байланысуында. Кафедраны бітірген психолог тек қана теориялық білім алумен шектелмейді, сонымен қатар психологиялық кеңестер, психологиялық тренингтер, адам өмірің түрлі салаларында психотерапевтикалық көмек көрсетуге, психологиялық диагностика және түзету жұмыстарын жүргізуге дайын болады.
Магистранттар Ресей, Германия және басқа да шет елдердің ЖОО жыл сайын шетелдік тағлымдамадан өтеді.
Жыл сайын 6М050300 және 7М03130- «Психология» мамандығы бойынша жоғары білікті, бүгінгі қоғамға сай жоғары дәрежелі мамандықтарды дайындап келеді.