Жетістіктер және жүлделер
Кафедра жетістіктері
Кафедраның ғылыми-зерттеу
жұмыстары «Қазақстан аймақтық ерекшелiктерiн есепке ала отырып келешек мұғалiмнiң этномәдениет құзырларының қалыптастырудың теориясы мен технологиясы» тақырыбымен сәйкес iске асырылады. Оның нәтижелерi педагогика бойынша дәрiс, семинарлық және практикалық сабақтарының мазмұнға қосындының түрiндегi оқу барысында енедi, осы мәселе бойынша студенттердiң педагогикалық іс-тәжiрибе кезінде әдiстемелiк нұсқауларды шығаруға әзiрлеудiң тапсырмадағы қосындысы. «Жалпы педагогика және этнопедагогика» кафедрасында келесi бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргiзiледi: оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық технологияларын әзірлеп оларды үздiксiз бiлiмнiң жүйесiне енгiзу; бағдарламалар әзірлеу, орта бiлiм беретін мектептерiнiң мұғалiмдерiне әдiстемелiк нұсқаулар, ЖОО-ның оқу-тәрбие процесiне зерттеу нәтижелерiн енгiзу.
Кафедра оқытушылары әр түрлi деңгейдегі ғылыми конференцияларының жұмыстарына белсендi қатысады. 2011 жылда п.ғ.д., профессор А.Б.Нұрлыбекова Евродеп ғылыми-практикалық конференциясында қатысты (Франция, Париж). Кафедраның ПОҚ келесi халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың жұмыстарына қатысты: «Ғылымдағы инновациялары: «21 ғасыр маманының дамытуда детерминант ретінде» (Санкт-Петербург, 2011), «Қазақстандағы Болон процессiне енгiзудегі бағдарламадағы шет тiлiнiң рөлi» (Астана-Алматы, 2011), Қазіргі таңдағы жас ғалымдардың ғылыми еңбектері (Шымкент, 2011), «Ғаламдану шарттарындағы бiлiм және ғылымның жаңғыртуы» (Новокузнецк, 2011); кафедраның ПОҚ-нан ҒЗЖ нәтижелері бұдан басқа үлкен импакт-факторы бар журналдарда жариялаған – «Педагогика» - Ресей білім беру академиясының ғылыми-теориялық журналы, «SCIENCE AND WORLD», «Life Science Journal», «Jokull journal», «The Way of Science», және де келесі республикалық ғылыми басылымдар: «Оңтүстік Қазақстан Ғылымы мен білімі», «Ұлт тағылымы», «Ізденіс», «Психология. Социология. Педагогика», «Вестник гуманитарного образования» және т.б.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын насихаттау баспадан шығару арқылы жүзеге асырған: «Наурыздың жарық бояулары» (Ел және әлем, №11, 21.03.2011), «Тәрбиесiз тұлға болмайды» (Қазақстандық Ақиқат, 28.10.2010), «Бiздiң ортақ үйiмiз Қазақстан» (Оңтүстiк Қазақстан, №36, 25.03.2011).
Кафедраның ПОҚ-ы ғылыми-зерттеу жұмыстарына беру бойынша мемлекеттiк грант жарыстарына қатысады. Iргелi зерттеулер бойынша ҚР БҒМ жарыста 2011 жылда «ЖООда инновациялық бiлiм беретiн технологиялардың келешек маманның кәсiби құзыреттiлiгiнiң құрастыруындағы жаңғырту» тақырыбында жоба берілген (ғылыми жетекшісі п.ғ.д., профессор А.Б.Нұрлыбекова).
Ғылыми зерттеулердің нәтижесі бойынша кафедра оқытушыларының мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде 450 астам ғылыми еңбектері жарияланды.
Қаламыздағы іргелі оқу орындардың бірі М.Әуезов атындағы ОҚМУ мен А.Байтұрсынов атындағы № 50 көпсалалы мектеп гимназия «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ғылыми-әдістемелік семинарын 24 қаңдар айында өткізді. Жиынның басты мақсаты оқышыларды тәрбиелеудегі педагогтың құзыреттілігін дамыту. Сонымен бірге болашақ иелерінің мамандық таңдаудағы ұстанымын қалыптастыру. Аталмыш бас қосуға келген ұстаздар өзара пікір бөлісіп, тәжірибе алмасты. 6-басты бағыттан тұратын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 4-уі тікелей білім саласына қатысты. Сондықтан бұл бағыттарға басымдық беріп, келер ұрпақтың бойына сіңіру педагогика саласындағы жандарға артылған жүк. Жоғары оқу орындарының білікті мамандары бұл орайда университеттермен мектеп іс-тәжірибесінің сабақтастығын нығайту жолында нәтижелі бас қосуларды жиі ұйымдастырып жүр.
Кафедраның басты ғылыми зерттеу жұмысы «Жаңа оқыту аймағында болашақ психологтар мен дефектологтарды кәсіби даярлаудың теориялық және методологиялық негіздері» тақырыбы бойынша біздің әріптестеріміз ғылыми мақалалар, баяндамалар, оқулықтар және оқу - әдістемелік құралдарды жариялап отырады.
Білім беру жүйесінде инновациялық психотехника және психологиялық технологияларды қолдану мәселесі бойынша кафедра конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады, сонымен қатар таным процестерінің қалыптасуына, дамуына, жеке тұлғаның эмоциялық - қайраттың дамуына, этникалық толерантты және жан - жақты даму бағытында психологиялық тренингтер жүргізеді.
Кафедра оқытушылары студенттердің ғылыми зерттеу жұмысына жетекшілік жасайды, олардың жетістіктері әр жылы өтетін студенттік ғылыми конференцияның еңбектер жинағында жарық көреді.
Кафедра оқытушылары оқыту үрдісінде төмендегідей инновациялық психотехникалық және психотехнологиялық әдістерді кеңінен қолданады, олар: гештальт - терапия, арт-терапия, дене бағдарлау психотерапиясы, ертегі терапиясы, Келли психоролдік элементтер терапиясы, саяси-психологиялық тренингтер, жеке тұлға дамуындағы тренингтер, ырғақты педагогикалық және релаксациялық технологиялар. Сондай-ақ оқытушылар интерактивті оқыту әдістері мен интерактивті тақтаны пайдалана отырып сабақ өту мүмкіндіктеріне ие.
Кафедра оқытушылары студенттердің ғылыми зерттеу жұмысына жетекшілік жасайды, олардың жетістіктері әр жылы өтетін студенттік ғылыми конференцияның еңбек жинағында жарық көреді. Кафедрада «Жас психолог» және «Жас дефектолог» үйірмелері жұмыс атқарады. Педагогика және психология, Дефектология мамандықтарының студенттері жыл сайын Республикалық олимпиядаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр.
«Заманауи педагогика және психология» кафедрасының студенттері республикалық пәндік олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары