Кафедра тарихы
«Жалпы педагогика және этнопедагогика» кафедрасының тарихы 1998 ж. мамыр айынан – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің құрылу кезеңінен бастау алады. Қазақстан Республикасының ГҒА академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қалыбекова Асма Ахметқызы кафедраның қалыптасуы мен дамуына үлкен үлесін қоса отырып, 1998 ж.-2011 ж. аралығында кафедраны басқарып келді. Қалыбекова Асма Ахметқызының бай практикалық жұмыс тәжірибесі, терең ғылыми білімі мен ұйымдастырушылық дарыны кафедраның табысты іс-әрекетінің негізі болып табылады. Оның жетекшілігімен 5 педагогикалық ғылымдар докторы, 34 педагогикалық ғылымдар кандидаттары, 22 педагогикалық ғылымдар магистры дайындалды және сәтті қорғалды.
Психология кафедрасы 1991 жылы Шымкент педагогикалық дене тәрбиесі институтында құрылған. 1993 жылы Шымкент педагогикалық дене тәрбиесі институтында «Практикалық психолог» мамандығы ашылды. Осы жылданбастап кафедра 050103-«Педагогика және психология» мамандығы бойынша кадрларды дайындауды жүзеге асыра бастады. 2005 жылдан бастап кафедра 050105-«Дефектология» мамандығы бойынша студенттерді және сонымен қатар 050103-«Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистрлерді дайындады. Университеттердің қайта ұйымдастырылу және үш университет базасының бірігу кезеңінде Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің негізінде психология кафедрасы 1996 жылы қайта ашылды. 2013 жылдан бастап кафедра меңгерушілігіне ҚР білім беру ісінің үздігі, 2010 жылдағы «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері, 2011 жылдың «Үздік профессоры» атағының иегері, психология ғылымдарының докторы, профессор, ПҒХА академигі (Ресей) Г.Ж. Лекеровабасқарып келді, жоғары мектеп педагогикасында жұмыс тәжірибесі мол адам, педагогика, психология, әлеуметтану және әлеуметтік педагогика бойынша теориялық және қолданбалы зерттеулерді ұйымдастыру саласының маманы.
Қазіргі таңда кафедраның меңгерушісі педагогика ғылымдарының докторы Бөлетова Ләззат Алпысбайқызы, оқытушылардың, магистранттардың ғылыми-әдістемелік мәселелерді шешу саласындағы іс-әрекеттеріне жетекшілік ету мен ұйымдастыруды табысты жүзеге асыра отырып, ғылым мен практикалық іс-әрекетті тығыз біріктіруге қомақты үлесін қосты.