ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы

Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында қарастырылған мәселелерді М.Әуезов атындағы ОҚУ ОПҚ арасында кеңіннен насихаттау мақсатында «Тарих және педагогика» факультетінде, сонымен қатар факультетке қарасты «Мектепке дейінгі және бастауышты оқыту теориясы мен  әдістемесі», «Саясаттану», «Қазақстан тарихы», «Жалпы тарих және мұражай ісі», «Заманауи педагогика және психология», «Арнайы педагогика және психология» кафедраларда 27.01.2022ж. сағат 15:00 офлайн форматта мәжілістер өткізілді.

        ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында барлық өзекті мәселе, білім және ғылым саласындағы 2021 жылғы жұмыстың қорытындылары мен 2022 жылға арналған міндеттер талқыланды. Алқа отырысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысты. Жиынға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов модераторлық етті.           

         «Білім және ғылым министрлігі жоғары білім беру жүйесіне оқытудың жаңа құралын енгізуді жоспарлап отыр. «Онлайн-оқу» білім алудың жаңа форматына айналады. Елімізде алғашқы онлайн-университеттер ашылады. Жалпы, жоғары оқу орындарында білім алу үшін гранттар саны 5 мыңға артады, олардың 60%-ы техникалық мамандықтар бойынша бөлінеді. Сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасын қайта қарастыру бойынша жұмысты бастадық.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, техникалық бағыттағы кадрларды даярлауға баса мән берілмек. Техникалық және IT салаларға арналған гранттар 40%-дан 60%-ға дейін ұлғайтылады», – деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

   2021 жылы ғылымды қаржыландыру 2 есеге артты. Ғалымдарға ғылыми идеяларын жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ұсынылып жатыр.

Ғылыми-зерттеу институттарын материалдық-техникалық жаңарту жұмыстары жалғасатын болады. Сондай-ақ ЖОО мен ғылыми институттардың тығыз қарым-қатынасын дамытуға арнайы кешенді шаралар қабылданады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022жылдың 1 қыркүйектен бастап жоңары оқу орындары студенттерінің шәкіртақысы өсетін болды. Бұл дегеніңіз білім алушыларға жақсы қолдау, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ынталандыру болып табылады. Сонымен қатар, білімгерлердің бос уақытында жұмыс іздеп алаңдамай біліммен, ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.