Реформа – заман талабы

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт  Кемелұлы Тоқаевтың 10 қаңтар 2022 жылғы Қазақстан халқына үндеуінде қазіргі Қазақстан тарихында болған өте келеңсіз құбылысты жағдайдың себептері мен қорытындылары туралы анық бағдарламалық міндеттер белгіленді.  

Бүкіл Қазақстан халқымен бірге үндеуді М.Ауезов атындағы ОҚУ  оқытушы-профессорлар ұжымы және студенттер құрамы да тыңдады.

Мемлекет басшысы – бұл құбылыстың себептерін саралап, алдымызда тұрған міндеттерді белгілеп берді. Өз үндеуінде болған құбылыстың алдын –ала ұйымдастырылғандығын айта келе, «Неге мемлекет ұйықтап қалды?» - деген сұрақ қойды. Ал бұл сұрақ елімізді ойландыратын сұрақ. Мемлекет басшысы қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, олардың отбасына  мемлекет тарапынан көмек берілетіндігін айтты. Еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әскери және құқық қорғау саласының реформалануы қажет екендігін атап көрсетті.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттің әлеуметтік мәселелерді шешудегі міндеттерін нақтылап көрсетіп, оның орындалуы есеп беру үшін емес, халықтың өмірдегі талаптарын қамтамасыз етуін тапсырды. Мемлекеттің ең негізгі міндеті экономикалық өсу мен әлеуметтік даму тең болуы қажет екендігін талап етті.

Президенттің Үндеуінде экономикалық дамуда бизнестің әділ болуын айта келе «Банк развитие» мысалында «тек кейбір топтардың мүддесі болғандығын айтып, бұл жерде әділ бәсекелестік жоқ» деп көрсетті. Осындай тапсырмаларды орындауда кейбір кедергілердің болатындығын «фармацевтика» саласындағы тапсырманың орындалуын мысалға келтірді.

Үндеуде еліміздің экономикасының негізгі саласына ерекше көңіл бөлу қажет. Ауыл шаруашылығын субсидиялауды қайта қарауды тапсырды.   Президенттің үндеуінде еліміздің қаржы жүйесінде экономикалық өсу мен халықтың әлеуметтік жағдайының сәйкес емес екенігін көрсетті.

Үндеуде білім беру саласына да қөңіл бөлінді, білім - негізгі мәселе деп белгіленді. Ол үшін «Мұғалім - мектеп жүрегі» қорын құру қажеттілігі айтылды.

Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді орындау қажеттігін ескертіп,  еліміз Қазақстанның даму жолында жаңа дәуір басталатындығын атап көрсетті. М.Әуезов атындағы ОҚУ оқытушылар ұжымы мен студенттер құрамы да бұл міндеттерді орындауда белсенді. 

 

  «Қазақстан тарихы» кафедрасының  т.ғ.к.,  доцент Алиев У.А.


Күнтізбе

Қараша 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.