Кафедра тарихы

«Дене тәрбиесі, спорт ілімі мен әдістемесі» кафедрасы 1966 жылы құрылды.   Кафедраның бірінші меңгерушісі болып аға оқытушы Д.В.Денчик 1973 жылға дейін жұмыс істеді. 1973-1980 жылдары кафедра меңгерушісі жұмысын аға оқытушы М.М.Федосов атқарды.

Кафедрада  М.Б.Сапарбаев, Б.К.Алибаев, В.М.Лесогор, Л.М.Таранущенко, Ю.Р.Ирисметов, ЛюК.Кострица, И.А.Юзкаев және т.б. жұмыс істеді.

1980 – 2011 жылдары  кафедраны п.ғ.к., доцент Тлеулов Э.Д. басқарды.

2011ж. қарашадан 2013ж. тамызға дейін кафедраны п.ғ.к., доцент Садирмекова Ж.Б. басқарды.

2013 ж. қыркүйектен кафедраны п.ғ.к., доцент м.а. Балабеков А.Т. басқаруда.

«Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» мамандығы 1995 жылы «Дене тәрбиесі ілімі мен әдісі» кафедрасының құрамында ашылды.

Осы кафедраның алғашқы кафедра менгерушісі болып п.ғ.к. доцент Тлеулов Э.Ж. бекітілді. Кафедра құрамында аға оқытушылар полковник Азаров Е.И. подполковник Нуртаев О.М. капитан Ахметов Н.У. оқытушылар Нуримов Б.К. жұмыс атқарды. Кафеддраның алғашқы түлектері Республикалық және облыстық  жоғары оқу орындары арасында аталған мамандық бойынша арнайы конкруста жүлделі орынға ие болды..2002 жылы кафедра өз алдына «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасы болып құрылды. Кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к., доцент Мұхамеджаров Т.К тағайындалды. Сол жылы кафедраның аға оқытушылары   подполковник  Маматкалыков Ж., майор Жұмағұлов Д., капитан Ахметов Н.У., аға лейтенант Бекбосунов А.Қ он екі ғылыми жұмыс және екі оқу құралын дайындап, факультеттің «Дене тәрбиесі және спорт – салауатты өмір негіздерін қалыптастыру» атты Республикалық конференцияны жоғары деңгейде өткізуге атсалысты.

2004 - 2006 жылы кафедра меңгерушісі қызметін аға оқытушы Ахметов Н.У атқарды.

2006 - 2007 жылы кафедра меңгерушісі болып аға оқытушы Елубаев С.И атқарды.

2007-10 жылы кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к  доцент Сәдірмекова Ж.Б  атқарды. 

2010-13 жылы кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к Балабеков А.  атқарды.                                   

2013-18 жылы кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к  доцент Демеуов А.Қ.

2018 -19 жылы кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к. доцент Жанболатов С. жұмыс атқарды

Жыл сайын 5В010400-«Бастапқы әскери дайындық»  мамандықтары бойынша жоғары білікті, бүгінгі қоғамға сай жоғары дәрежелі мамандықтарды дайындап келеді.

2019 жылдың қыркүйек айында «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасы мен «Дене тәрбиесі спорт ілімі мен әдістемесі» кафедрасы қосылып "Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі" деп аталды.

Кафедраны педагогика ғылымдарының кандидаты Балабеков А.Т. басқаруда.

 


Күнтізбе

Қазан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.