Жетістіктер және жүлделер
Кафедрамыздың меңгерушісі п.ғ.д., профессор Кабылбекова Заурет Бердикуловна «16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік» күні мерекесімен Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор С.Мәжінбековтың алғыс хатымен марапатталды.
Кафедраның оқытушысы Каракпаева Сарбиназ Куанышбековна «Үздік тәлімгер-2020» байқауының жеңімпазы атанды.
Психология ғылымдарының магистрі, Каракпаева Сарбиназ Куанышбековна «Даму» жастар қоғамдық бірлестігінен «Сурдопедагогикадағы инновациялық технологиялар» атты біліктілігін жоғарылату курсын бітірді.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арналған жолдауындағы білім саласындағы байланысты бағыттарын білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҰЗДІК ПЕДАГОГЫ-2020» атты республикалық байқау жеңімпазы «Психология және арнайы педагогика» кафедрасының оқытушылары Нурбекова Аида Муратбековна, Молдаханова Маржан Мадихановна, Каракпаева Сарбиназ Куанышбековна жеңіп алды.