Кафедра тарихы

   «Спорттық пәндер және жекпе-жектер» кафедрасы 1990 жылы құрылған. 1990-1992 жылдары «Спорт пәндері» кафедрасының меңгерушісі қызметін Е.Ш. Шатаев, 1993-1994 жылдары М.Ш.Артықбаев, 1995-2001 жылдары п.ғ.к., доцент Ж.Б. Биданов, 2002-2006 жылдары п.ғ.к., доцент М.Ш.Артықбаев атқарды.

   М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті құрамында "Дене тәрбиесі және туризм" институты ашылуына байланысты 2006 жылдың тамыз айынан "Спорттық пәндер" кафедрасы  қайта құрылды. Осы оқу жылында кафедра меңгерушісі Ерепбаев Нұрлан Қыдырбекұлының басқаруымен кафедрада 8 оқытушы және 4 лаборант қызмет атқарды.

   Ал 2007 жылдың тамыз айынан М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, "Дене тәрбиесі және туризм" институтының шешімімен "Ұлттық спорт түрлері және спорттық жекпе-жектер" және  "Спорт пәндері" кафедраларының бірігуімен "Спорттық пәндер және жекпе-жектер" кафедрасы деп аталып, қайта құрылды.  Кафедра меңгерушісі Қилыбаев Әділбек Ағабекұлының басқаруымен кафедрада 17 оқытушы, 3 лаборант қызмет атқарды.

   2009 жылдың тамыз айынан бастап кафедра меңгерушісінің қызметіне п.ғ.к., доцент Абишев Кендебай Сәметұлы тағайындалды.

   2010 жылдың тамыз айынан бастап кафедра меңгерушісінің қызметіне п.ғ.к., доцент м.а. Ерепбаев Нұрлан Қыдырбекұлы  тағайындалды.

   Кафедрада күрес түрлерінен (грек-рим және еркін күрес, самбо, қазақша күрес, дзю-до), бокстан, спорт ойындарынан (футбол, баскетбол, гандбол, волейбол, гимнастика), жүзуден, жеңіл және ауыр атлетикадан, шығыс жекпе-жектерінен және ұлттық спорт түрлерінен мамандар дайындайды.

   2009-2010 оқу жылында «Спорттық пәндер және жекпе-жектер» кафедрасының оқытушылар құрамында 4 педагогика ғылымының кандидаты және профессор, 3-доцент,  5-халықаралық дәрежедегі төреші, 4-ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушы, 4-МС, 4-КМС дәріс берді.

   2010-2011 оқу жылында «Спорттық пәндер және жекпе-жектер» кафедрасының оқытушылар құрамында 3 педагогика ғылымының кандидаты және профессор, 2-доцент,  4-халықаралық дәрежедегі төреші, 3-ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушы, 3-спорт шебері, 3-спорт шеберіне үміткер дәріс берді.

   Кафедрада осы оқу жылында 11 оқытушы, 2 лаборант қызмет атқарады. Соның ішінде 1 профессор, 1 доцент, 3 екбек сіңірген жаттықтырушы және 3 халықаралық дәрежедегі төреші жұмыс істейді.Кафедрада спорт ойындарының түрлерінен: волейбол, баскетбол, футбол, гимнастика, жеңіл атлетика, жүзуден, бокс, күрес түрлерінен мамандар дайындайды.


Күнтізбе

Мамыр 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.