"Асыл өнердің алып нары-Темірбек Жүргенов" атты ашық тәрбие сағаты

  18 сәуірде «Тарих және педагогика» факультетінің «Заманауи педагогика және психология» кафедрасы М.Әуезов атындағы ОҚУ-де көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына орай әдеби-тарихи апталыққа байланысты ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды.Іс-шараға кафедра студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты. Кешті ұйымдастырушылар ТП-20-1К және 1Р топтарының тәлімгерлері Н.Е. Исманова мен М.Р. Байназарова – басты мақсат студенттерді ұлы тарихи тұлғаның еліміздегі білім мен ғылымның дамуына орасан зор үлес қосқан қызметімен таныстыру болды.
  п.ғ.к., доцент С.Примбетова және факультет деканының тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Г.Малғайдарова құттықтау сөз сөйледі.
 Факультет студенттері іс-шараны ұйымдастыруға үлкен жауапкершілікпен қарады. Тарихи тұлғаға тағзым етіп, концерт Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен басталды. Көрермендерге Т.Жүргеновтің өмірінен сыр шертетін қысқаметражды фильм көрсетіліп, шығармашылық ұжымдар ән мен биден шашу шашты. Студенттер ағартушының білім, мәдениет салаларында жүргізген реформалары туралы да кеңінен әңгімеледі.
  Еліміздің қалыптасуы мен дамуында із қалдырған ұлы тұлғаларды жастар арасында насихаттау қазіргі заманда өте маңызды.

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.