«Тұғыры биік тұлға - Темірбек Жүргенов» атты әдеби-тарихи апталық

   2023 жылдың 17- сәуір  күні «Тарих және педагогика», «Филология» факультеттерінің  ұйымдастырумен университетте Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығына арналған  «Тұғыры биік тұлға - Темірбек Жүргенов»  атты тақырыбындағы  әдеби-тарихи  апталықтың ашылуын  өткізді. Апталықтың ашылу салтанатына «Қазақстан  тарихы» кафедрасының доценті, т.ғ.к., Карибаев Сәрсебай Өскенұлы, Мәдениет қайраткері, ф. ғ. д., профессор Әбуов Әміреқұл Ергешұлы, Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі, тарихшы, шежіреші, Мемлекеттік  "Құрмет", "Еңбек Даңқы" ордендерінің, "Ерен еңбегі үшін", "Мәдениет саласының үздігі", "Ең үздік өлкетанушы"  медальдарының иегері,  Қазығұрт, Төлеби, Сарыағаш аудандарының және Шымкент қаласының Құрметті азаматы
Момбек Әбдіәкімұлы және  т.ғ.к., Шымкент университетінің «Құқықтану және тарих» кафедрасының доценті Абдурахманов Нурмухамед Абдушамаевич қатысты.
    Респулика деңгейінде өтіп жатқан апталықтың мақсаты: студенттерге  Т.Жүргенов туралы мәлімет бере отырып, өз елінің тарихи тұлғаларына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
   Қазақ мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан тұлғаның есімін халық жадында сақтап,өнегелі ісін жастарға үлгі ету мақсатында өткен шарада Т.Жүргенов туралы студенттер монолог, «Гаухартас» би тобы , билерімен көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйласа, «Қазақ осы», «Қарағым-ай» әндері шырқалды.

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.