Басты бет

   

      М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 05.01.2020ж. бұйрығының негізінде «Тарих және педагогика» факультеті құрылды.

     Бүгінгі таңда М.Әуезов атындағы ОҚУ «Тарих және педагогика» факультетінің құрамында 5 кафедра жұмыс істейді: «Жалпы тарих және мұражай ісі», «Қазақстан тарихы»,  «Заманауи педагогика және психология», «Психология және арнайы педагогика», «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі».

     Факультет педагогикалық және әлеуметтік салада 17 мамандық бакалавр дәрежесі бойынша мамандар     даярлайды:

  1. 6В01110-5В010300 - Педагогика және психология
  2. 6В01910-5В010500 - Дефектология
  3. 6В01610-5В011400 - Тарих
  4. 5В011600 - География
  5. 6В02220-5В020300 - Тарих (гуманитарлық)
  6. 6В02230-5В020800 - Археология және этнология
  7. 6В01904 - Инклюзивті білім берудегі тьюторлық
  8. 6В01112 - Психология және медиация
  9. 6В01210-5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  10. 6В01310-5В010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  11. 6В01912 - Сурдопедагогика
  12. 6В01111 - Практикалық психология
  13. 6В03130-5В050300 - Психология
  14. 6В03210-5В091000 - Кітапхана ісі
  15. 5В041900 - Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау
  16. 6В05220-5В060900 - География (ғылыми)
  17. 6В01561-5В012900 - География – тарих

Сонымен қатар ғылыми-педагогикалық және кәсіби бағытта 8 мамандық магистр дәрежесін бойынша даярлайды.

Студенттер контингенті Қазақстан Республикасы аумағынан бөлек алыс және жақын шетелдерді қамтиды. Студенттеріміз көптеген халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары.

Студенттерге әлеуметтік жағдай жақсы жасалған. Соңғы үлгідегі кітапхана, электронды оқу залы, ресурсты орталық, тегін интернет, акт залы, спорт залы, көркем-сурет галереясы, дәрігерлік кабинет, асхана, оқу ғимаратына жақын орналасқан 5 қабатты жатақхана міне осылардың барлығы студенттерге алаңсыз білім алуға жағдай жасайды.

Факультет студенттерінің әскери кафедрада оқуға және Болон процесінің міндетті параметрінің бірі ретінде студенттерге академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатыса отырып республикамыздың оқу орындарында және алыс-жақын шетел оқу орындарында бір семестр оқып келуге мүмкіндіктері бар.

Факультетте ғылыми-педагогикалық қызметпен ғылым докторлары, ғылым кандидаттары және магистр оқытушылар айналысады. Олардың арасында «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегерлері, Еуропа елдерінің ЖОО-да ғылыми тағылымдамадан өткен профессор-оқытушылар бар.

Біздің парақшамызға қош келдіңіздер деген ізгі ниетпен:

«Тарих және педагогика» факультетінің деканы

Уразбаев Құрманғали Мархабатұлы


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.