Тәрбие жұмысы

 

Рухани жаңғыру

        Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ТП 17 -1К тобының тәлімгері А.Т.Сарипбекованың ұйымдастыруымен Стивен Р.Ковидың «Жасампаз жандардың жеті дағдысы» атты кітабынің презентациясы өтті. Стивен Р. Кови - тұлғалық даму және көшбасшылық туралы бірнеше халықаралық бестселлер авторы, беделді оқытушы, басқаруды ұйымдастыру бойынша консультант. Гарвард университетінің МВА және Бригэм Янг университетінің докторлық дәрежесі иегері. Кови Томас Мор колледжінің адамзатқа сіңірген еңбегі үшін медалін, 1999 жылы «Жыл шешені» атағын, 1998 жылғы бейбітшілік ісіне қосқан үлесі үшін берілген Сикх сыйлығын, «Жыл кәсіпкері» халықаралық сыйлығын және 1994 жылғы бизнес көшбасшылығы саласындағы айрықша еңбегі үшін ұлттық «Жыл кәсіпкері» сыйлығын алған. Time журналы оны ең ықпалды 25 америкалық тізіміне енгізді. Сондай-ақ, Стивен Кови жеті құрметті доктор атағына ие. Әлемнің 150-ден астам елінде кәсіби қызмет көрсету саласында халықаралық көшбасшы саналатын FranklinCovey компаниясының негізін салушылардың бірі.

 

 

Рухани жангыру

  ТП 19 -18К тобының кураторы Садыкова А.А. Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында 100 жаңа кітап жобасына және ғылыми зерттеулер мәселесіне арналған танымдық іс-шара өтті. «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», жоба «Рухани жағыру» бағдарламасының бөлігі болып табылады және осы бағдарламаны іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен жүзеге асырылады

 

 

 

 

Жатақханадағы іс-шара

26 қаңтарда «Заманауи педагогика және психология» кафедрасының доценті А.Ж. Нұралиева, аға оқытушы М.Т. Мырзапейсованың ұйымдастыруымен  № 1 - жатақханада студенттермен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында стресске қарсы тұру, сенімді мінез - құлық дағдысын арттыру, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру мақсатында «Стресске төзімділікті қалыптастыру және эмоционалды күйзелістің алдын алу дағдыларын дамыту» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Студенттер белсенді қатысып, тренинг жоғары дәрежеде өтті.

 

 

Ақын М. Мақатаевтың 90 жылдығына арналған әдеби кеш

     Ақиық ақын М. Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойын атап өту және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ТП 20-17 К, РС, ТП 20-1К, 1 Р топтарының тәлімгерлері - «Заманауи педагогика және психология» кафедрасының доценті,  п.ғ.к. С.К. Примбетова және оқытушы Л.Ж. Бегалиеваның жетекшіліктерімен ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби кеш өтті. Іс-шарада студенттер ақынның поэтикалық өлеңдерін оқыды, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы баяндамалар жасады, музыкалық нөмірлер орындады. Тәрбиелік іс-шараға факультет деканы, п.ғ.к. Қ.М. Уразбаев, аға куратор Г.Т. Малғайдарова, кафедраның оқытушы-профессор құрамы  қатысты.


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.