"Summary CUP" турнирі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Филология факультет деканының кубогіне арналған ашық аймақтық әдеби пікірсайыс турнирі өтті. "Тарих және Педагогика" факультетінің 3 курс студенті Амирова Перизат Мейрамбекқызы жүлделі бірінші орын иеленді.
Турнир университет Жастар орталығының жанынан құрылған “Ақиқат” пікірсайыс орталығының ұйымдастырылуымен жүзеге асты.
Пікірсайыс әлемінде осы күнге дейін талай турнир болды, болып та келе жатыр. Ол турнирлерде, әдетте, тарихи, саяси тақырыптарға құрылған қарарларды талқыланатын. Ал “Summary CUP” турнирі басқа турнирлерден ерекше форматта өтті.  Яғни, жастар қоғамдағы маңызды мәселелерді қазақтың ұлы жазушыларының шығармаларын талдай отырып талқылады. Бұл турнирдің мақсаты -  жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыра түсу, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік шығармаларын оқуды насихаттау еді. Турнир тақырыптары ретінде ұлы Абай, Мұхтар Әуезов пен Мұхтар Мағауин сынды заңғар жазушылардың терең ойлы үздік шығармалары таңдалған еді.
Сайысқа барлығы 64 спикер қатысып, бақ сынасты. Қатысушылармен қатар, оларға төрешілік жасаған жандар да турнирде талқыланған 5 шығарманы түгел оқыған. Турнирде спикерлер АПФ және ЛД форматтары бойынша бақ сынасты. Жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен бірге “Qasym” баспа үйінің кітаптары табысталды.
Image
Image
Image

Күнтізбе

Наурыз 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
24 25 26 27 28 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.