6В03210 - "Кітапхана ісі" білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің ХV Республикалық пәндік олимпиадасы

   2023 жылдың 19-20 сәуір аралығында 6В03210 «Кітапхана ісі» (6В03205 – «Кітапханалық ақпараттық жүйелер) білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің ХV Республикалық пәндік олимпиадасы өтті.
Республикалық Олимпиада өткен олимпиаданың жеңімпазы болып табылатын «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің» Тарих факультеті, Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілді.
Олимпиада мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау, студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу, студенттерді қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге тарту және ғылыми қызметке қызығушылықты дамыту болып табылады.
Олимпиада командалық жарыс түрінде үш турда өтті.
І тур. Команданың сәлемдесуі үй тапсырмасы ретінде орындалды. Тапсырмада кітапхана саласындағы тәжірибелік жұмысқа, шығармашылық бөлімдерге бағытталуды, мәнін, ерекшеліктерін қамтитын мамандық таныстырылды.
ІІ тур. Командалардың ситуациялық және 6В03210 «Кітапхана ісі» (6В03205 – «Кітапханалық ақпараттық жүйелер) БББ бейіндік пәндері бойынша сұрақ-жауап сайысы. Әр командаға 1 ситуациялық тапсырма және 2 сұрақ берілді.
ІІІ тур. Кітапхана қызметіне байланысты ғылыми жоба жасау және қорғау.
  • «Бәрі біздің қолымызда» кітапхана ісін дамыту;
  • Сандық білім кеңістігіндегі: кітапхана мамандарының құзіреттіліктері.
   Республикалық олимпиадада Қазақстан Республикасының 4 жоғары оқу орнынан 4 команда ұсынылды: «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті»; «Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университеті»; «М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»; «М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті».
Республикалық олимпиадаға қатысқан М. Әуезов атындағы ОҚУ студенттері жан-жақты терең білім мен кәсіби дағдыларды көрсетті.
XV Республикалық пәндік олимпиадаға қатысушы студенттерді даярлаудың жоғары деңгейі үшін барлық қатысушылар мен ЖОО-ның бірінші басшылары сертификаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.
   Олимпиада турларының қорытындысы бойынша М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің "Рухани жолсерік" командасы (команда жетекшісі – Сейтимбетова Данакул Еркинбековна, команда капитаны – Алпысбаева Қызғалдақ) - 1 орын алып жеңіске жетті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Смарт Герс" командасы – 2 орын және 3 орынды Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің "Smart girls" және М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Book lovers» командасы иеленді.
"Жалпы тарих және музей ісі" кафедрасының ПОҚ студенттерді Республикалық пәндік олимпиадада табысты өнер көрсетуімен құттықтайды және осы іс-шараға қатысу мүмкіндігі үшін ЖОО басшылығына алғыс білдіреді! Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
 
   

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.