11 ақпан – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні!

  Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні бүкіл әлемде 11 ақпанда атап өтіледі. Аталған мерекені 2015 жылы желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен. Осыған орай 2022 жылдың 13 ақпаны күні М. Әуезов атындағы ОҚУ «Тарих және педагогика» факультетіне қарасты 7-ғимараттың кітапханасында ТП-20-3р тобыныңстуденттерімен тәлімгерлік сағат өткізілді. Іс-шараға «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының ғылым саласында табысты еңбек етіп жүрген әйел азаматтары – п.ғ.к., доцент М.К. Кукеева, т.ғ.к., доцент Н. Тажмуханова, т.ғ.к., доцент Г.К. Отарбаева, т.ғ.к., доцент А. Авизова ханымдар арнайы шақырылды.  Іс-шараның басты мақсаты – университеттің ғылыми-зерттеу қызметімен белсенді айналысып жүрген әйелдер қауымының тәжірибесін студенттер арасында кеңінен насихаттау. Ең алдымен сөз алған топ тәлімгері Пазилов Ержан Жарқынбайұлы көпшілік қауымды аталмыш мерекемен құттықтай отырып, шақырылған қонақтарды таныстырды және ғылым саласында қол жеткізген табыстарына қысқаша тоқталып өтті. Одан кейінгі спикер тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлжан Көбейқызы сөз алып, мерекенің әйелдер мен қыз балалардың ғылымға толық және тең қол жеткізуіне және олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталғанына тоқталды. Қазіргі таңда Қазақстанда әйел зерттеушілердің үлесі – 52% жеткенін ерекше атап өтті. Ал педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Кукеева Мира Кулчимбайқызы өзінің ғылым жолына қалай түскенін қызықты түрде баяндап өтті. Университет доценті  Авизова Айман Қарайдарқызы ғылымдағы өмір жолдарынан мысал келтіре отырып, ғылымның қиындығымен қатар, қызықтары да мол екенін айтып, іс-шараға жиналған студенттерді ғылыми жолды таңдауды ұсынды. Іс-шара соңында арнайы шақырылған ғалым-әйелдер ғылымға құштар жастардың толғандырып жүрген сұрақтарына толып жауап беріп, өздерінің ғылыми жолындағы тәжірибелерімен бөлісті.


Күнтізбе

Наурыз 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
26 27 28 29 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.