Жаңалықтар
«ШЕРХАН МҰРТАЗА: ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМГЕР, ҚАЙРАТКЕР ТҰЛҒА» атты ғылыми-танымдық конференциясы
2022 жылдың 1 желтоқсанда М.Әуезов атындағы ОҚУ «Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар» ҒЗИ, «Филология», «Тарих және педагогика» факультеттерінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, журналист, мәдениет және қоғам қайраткері - Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған «ШЕРХАН МҰРТАЗА: ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМГЕР, ҚАЙРАТКЕР ТҰЛҒА» атты ғылыми-танымдық конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты - Қазақстан жастары арасында Шерхан Мұртазаның еңселі қаламгерлік мұрасымен ұлттың әділетті өркендеу жолы үшін жасаған ұлы істерін ұлықтау болды.
Жиын барысында қатысушылар назарына «Қош бол Шераға» бейнефильмі және Шерхан Мұртазаның «Шерхан Мұртаза халыққа қалдырған мұрасы» атты кітап көрмесі әзірленді.
Конференция жұмысын ф.ғ.д., доцент «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» ҒЗИ директоры С.Р.Боранбаев ашып, Ш.Мұртазаның шәкірті ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері - Ш.Қ.Орынбай құттықтау сөз сөйледі. Тараз қ, М.Х.Дулати атындағы Тараз ӨУ профессоры ф.ғ.д., - М.Р.Көпбаева «Шерхан Мұртаза шығармаларындағы экзистенциялық таным және транцендетті әлем», Шымкент қ., ф.ғ.к., ОҚМПУ доценті - Н.Н. Нүрпейісов «Шерхан Мұртаза және ұлттық мінез» баяндамаларын жасаса, ҚР Журналистер одағының мүшесі «Ш.Мұратаза» атындағы Республикалық қайырымдылық қоры төрағасы орынбасары, Түлкібас ауданының құрметті азаматы - С.Қ.Ералы қор атынан университет ғалымдарына қайраткер тұлға - Шерхан Мұртазаның портрет суретін сыйлады.
Сонымен қатар, Әуезов университетіненде Шерхан шығармаларын зерттеген ғалымдар ҒЗИ атынан «Абайтану» ҒО басшысы, ф.ғ.к., доцент С.Д. Өмірзақов, «Мұқтартану» ҒО ф.ғ.к., аға ғылыми қызметкері - А.Б.Қалшабек, «Тарих және педагогика» факультетінің деканы - ф.ғ.к., доцент Қ.М. Уразбаев студент жастарға Шерхан Мұртазаның еңселі қаламгерлік мұрасымен әліде толық және терең зерттеулер жасау керек екендігіне назар аударып, қазақ ұлтының өркендеу жолындағы ұлы тұлғалардың игі істерін дәріптеу мен жастар арасында кең насихатталану керек деп нақтылады.