Білім ордамыздағы қонағымыздың дәрістері

Қонақ – Алланың нұры!

 

Сүйініші! Университетімізге үш күндік сапармен Қазақстан Республикасы ЖОО Ассоциациясының бірінші вице-президенті Абишев Али Ажимович мырза келді. Қонақты университет ректоры бастаған ұжым мүшелері құрметпен күтіп алды. Академик Али Ажимович Абишевке «Парасат» орталығы мен «Мұхтартану» ғылыми орталығының, Болон процесі мен академиялық ұтқырлық орталығының есіктерінің құшағы айқара ашылды. М.Әуезов атындағы ОҚУ қабырғасында атақты ғалымның жастар мен ұстаздарға арналған қонақтық лекциялар циклын өткізуі  жоспарлаған.
Тұңғыш күні екі бөлімнен тұратын лекциясын академик А.А.Абишев «Ахмет Байтұрсынұлы: реформатор және ғалым» тақырыбы бойынша оқыды. Таныстыру сәтінде тыңдаушы қауымға экономика ғылымдарының докторы, профессор А.А.Абишевтың өмірбаяны да қызық болды. Көрнекті басқарушы, ғылым мен білім саласының алыбы Али Ажимович бірқатар оқу орындарын басқарған. Оның ішінде Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-де, Халықаралық бизнес университетінде, Көшбасшылықтың халықаралық институтында және  Атырау мұнай мен газ университетінде басшылық қызметтер атқаррған. Абай атындағы АМУ-нде еңбек жолын бастаған А.Абишев мырза 2019-ші жылдан бері – қазіргі лауазымда қызметін атқаруда.
Тұңғыш кездесулерде ф.ғ.к., доцент Уразбаев Құрманғали Мархабатұлы басшылық ететін Тарих-педагогика факультетінің студенттері айрықша белсенділік танытты. Қадірлі қонаққа қаламыздың тарихи орталығы – «Ескі қала» және Шымкент цитаделі таныстырылды.
Екінші күні қонағымыздың дәрістері «Картография: тарих, география мен лингвистиканың үндестігі» және «Жоғары білім саласындағы көшбасшылық» атты лекциялармен жалғасты. Бұл дәрістер студент жастар мен ұжым басшыларының назарларына ұсынылды. Жас ұрпақпен мол тәжірибесімен бөліскен Ұстаз бес Академиялардың академигі болып табылады, сонымен қоса «Қазіргі экономиканың өзекті мәселелері» атты журналдыңбас редакторының бірінші орынбасары лауазымына ие.
Шырайлы оңтүстік өңіріне арнайы іс-сапармен келген қонақтың құрметіне қазан айының бірінші жұлдызында қасиетті Түркістан шаһарындағы Қ.А.Йассауй мен ежелгі Отырардағыоның Ұстазы болып табылатын Арыстанбабтың кесеңелеріне саяхат ұйымдастырылды.
Біздің оқу ордамыздағы білім алушылармен кездесулері, қонақжай оңтүстікте өткізген шуақты күндері ұзақ бойы Али Ажимовичтіңесінде қалатынына сенімдіміз!
Сөз соңында А.А.Абишевтың ғылыми қоржынында 200-ден астам еңбектерінің, оның ішінде 2 монография, 7 оқу құралы, 5 оқулықпен  2 сөздік бар екенің  айта кетейік. Ардақты Ұстаз «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы аясындағы «Экономикалық классиканың»  редакциялық алқасының мүшесі болып табылады. Еңбектердің басты бағыты – экономика, білім мен ғылымн салаларын реформалау мәселелері.

Күнтізбе

Қараша 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.