Серіктестіктің жаңа көкжиектері

     Үстіміздегі жылдың 20 қыркүйек күні университетіміздің басшылары Ресейлік Кузбасстың астанасы Кемерово қаласында орналасқан «Кәсіптік білімді дамыту Кузбасс аймақтық институтының» оқу жылын ашар тұңғыш Ғылыми кеңесінің мәжілісіне онлайн қатысты. Интернет кеңістігіндегі бас қосу «КБДКАИ» ректоры Аман Молдағазыұлы Тулеевтың басшылығымен өтті.

Аман Тулеев – қазақ қанды (адай руынан) атақты ресейлік басшылардың бірі. Танымал саясаткер өткен ғасырдың соңғы онжылдықтарында Ресей Федерациясындағы президенттік сайлауларына да 4 рет қатарыннан қатысқан болатын. Біздің оңтүстік өлкемізде, Шымкент шаһарында оның туған әкесінің мәйіті жатыр. Сондықтан ақсақал үнемі өз қандастарын өзіндік іс-шаралар мен мерейтойларына тартуда. Бұл ретте де оқу жылының бастамасын ашатын басқарып отырған ордасының ең биік лауазымды шешімдерін қабылдайтын органының бірінші отырысына біздің өкілдерімізді де шақырды.

Мәжіліс күн тәртібіне сай өтті. Баяндамашылар тізбесінде Кузбасстың білім беру министрі Софья Юрьевна Балакирева, КБДКАИ проректоры Людмила Александровна Богданова болды. 2022/2023 оқу жылында асырылатын іс-шаралар жөніндегі баяндаманы институт ректоры, саясат ғылымдарының докторы, профессор А.Тулеев өзі жасады.

Жалпы, кеңейтілген отырысқа Ресейдің басқа өңірлерінен, шет елдерден де (Моңғолия, Беларусь және т.б.) байқаушылар тартылған. Солардың ішінен де пікір-сайыстарға қатысамын деушілер аз болмады. Мысалы, беларустық профессор Валерий Николаевич Голубовский одақтас мемлекет шеңберінде атқарылатын іс-шаралардың ішінде бірлескен ғылыми және оқу бағдарламаларының жүргізілуін ұсынды.

Сөз саған біздің М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіміздің стратегиялық даму және интернационализацияландыру бойынша проректоры, п.ғ.к., доцент Искакова Әйгүл Төлеутайқызы серіктестік алаңында екі жақты келісім-шарттардың жасалуының ықтималдығына мән беріп, білім беру мен мамандардың компетенцияларын жоғарылатудағы жаңа мүмкіндіктердің ашылатындығына сенім білдірді.

Одан кейін сөз алған университетіміздің академиялық мәселелер бойынша проректор, т.ғ.к., доцент Әбішева Роза Жанысбекқызы профессор-ұстаздарымыздың біліктіліктерін жоғарылатуына септігін тигізетін ыңтымақтастықтың әлеуетін жоғары бағалады. Сонымен, айтылған пікірлерімен қоса, күзде келе жатқан КБДКАИ-ның 20 жылдық мерейтойымен әріптестерімізді құттықтады. Оларға шығармашылық табыс пен ұстаздық жалықпас шабы, барлық Кемерово мен Кузбасс тұрғындарына көк аспан тіледі.

Қарымта сөзінде Ғылыми кеңестің төрағасы Аман Молдағазыұлы Тулеев өз отандастарына арнайы шығып, жылы сәлемін білім ордамыздың басшысы т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР ПҒА академигі Қожамжарова Дария Пернешқызына жеткізді. Болашақтағы серіктестіктің арқасында көкжиектеріміздің ұлғайатындығына  сенім білдірді.

Қорытынды сөзінде Ғалым хатшы В.И.Сахарова ханым Ресей мен Қазақстанның білім саласында екі жақты тығыз қарым-қатынастарын үйлестіруіне атсалысқан «QAZAQ-BILIM CENTER» компаниясының жетекшілеріне де ризашылығын білдірі.


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.