Жаңалықтар
"Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты жолдауға арналған дөңгелек үстел
Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың 2022ж. 1 қыркүйегіндегі жолдауын түсіндіру іс-шараларына байланысты "Тарих және педагогика" факультетінің профессор - оқытушылар құрамы мен студенттер арасында 09.09.2022ж. сағ. 14.00 -де "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты жолдауға арналған дөңгелек үстел өтті. «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсенің басшысы Г.А.Жанысбекова жолдаудағы мектепке дейінгі мекеме, жалпы білім беру мәселелері мен балаларға берілетін декреттік демалыстың 1,5 жасқа дейін ұзарғаны туралы сөз қозғады.
"Саясаттану" кафедрасының меңгерушісі С.А.Мәжінбеков баяндама жасады. Өз сөзіңде студенттердің алға қарай ұмтылу, болашаққа жарқын жоспарлар жасау, жаңашылдыққа ұмтылу керектігі, саяси процестер ашық, сот жүйесі әділ болу керектігі туралы айтты.
П.ғ.д., профессор Н.Ш.Алметов мектепке дейінгі мекеме кадрларының біліктілігін аттестациядан өткізу, талап күшейту, жалақы көтеру мәселелері айтылды.
Дөңгелек үстелге факультет деканы Қ.Уразбаев, кафедра меңгерушілері М.Ермекбаев, Л.А.Булетова, А.М.Усенова Г.К.Отарбаева және декан орынбасарлары А. Акимбаев пен К.А.Султанова қатысты.