Жаңалықтар
Ахмет мұрасы-алтын қазына
ХІХ-ХХ ғасырда қазақ халқы үшін қандай ауыр болғанын түсіну үшін Байтұрсын әулетінің арғы-бергі тарихына көз салса жетіп жатыр.
5қыркүйек – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Ахмет Байтұрсынұлы осыдан тура 150 жыл бұрын қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келген.
Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы және қоғам қайраткері, Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы және Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Кафедра оқытушысы , «Педагогика және психология» мамандығының
ТП 20-1К тобының тәлімгері М.Р. Байназарованың ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин атындағы қалалалық балалар кітапханасында кездесу өтті. Кездесу барысында кітапхананың Инновациялық және әдістемелік жұмыс бөлімінің меңгерушісі Сабденкулова Асия Досыбековна А.Байтұрсынұлының өмірлік жолы , еңбектері жайлы баяндап берді. Тәрбиелік іс-шара А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды.
Ы.Алтынсарин атындағы кітапхана қызметкерлеріне алғыс білдіреміз!