Ашық есік күні

2022 жылдың 7-сәуір күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан УниверситетіБас ғимаратының акт залында «Психология және арнайы педагогика» кафедрасының ұйытқы болуымен Түркістан облысы, Адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты Сайрам ауданы № 74 жалпы орта мектебінің бітіруші оқушыларына арналған "Ашық есік күні" іс-шарасы өткізілді.

Іс – шараның басты мақсаты 2022 жылғы мектеп бітіруші түлектерді университетіміздің білім беру бағдарламаларымен таныстыру жәнебіздің университеттің артықшылықтары туралы таныстырып түсіндіру болды. Аталған іс-шараны «Тарих және педагогика» факультетінің деканы ф.ғ.к. доцент Қ.М. Уразбаев алғы сөз сөйлеп ашып беріп, келесі сөздің кезегін «Психология және арнайы педагогика" кафедрасының п.ғ.к. доцент К.М. Арымбаева жалғастырып Психология мамандығын даярлаудың негізгі мәселелерін түсіндірді. Университетіміздің «Кәсіби бағдар беру» орталығының директоры м.а. Н.Ш. Отарбаев Іс-шарамызға келген түлектерге университетіміздегі мамандықтарды оқытып даярлаудағы жетістіктер мен оқуға түсу мүмкіндіктері жайында толық ақпарат беріп, түлектердің қойған сұрақтарына жауап беріп толыққанды түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ университеттің белсенді жастарыда қатысып студенттік өмірдің қызығы белсенді жастардың ортасы екендігін түсіндіріп, университтеттегі студенттердің өткізіп жатқан қызықтқа толы өмірлері жайында бейнероликтерін көрсетіп ақпараттарымен бөлісті. Түлектерге университетіміздің білім беру бағдарламалары бойынша ақпараттық кітапшалар мен психология мамандығының буклеттері таратылды. Іс-шарамыздың барысында мектеп түлектеріне арнайы экскурсия ұйымдастырылып, университеттің Ақпараттандыру бөлімінің Бас оқу залының кітап қорымен, интернет базасымен және «Парасат комплеанс" кабинетімен,  Мұхтартану музейімен таныстырып шықтық.

Мектеп түлектері ерекше әсерге бөленіп шықты.

Сонымен қатар университетімізге қонақ болып келген түлектер М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің артықшылықтарымен танысып, университет түлектерінің келешектегі перспективаларының мол екендігіне көз жеткізіп, өздерінің болашағын университетімізбен байланыстыруға сенімділік артырып, мүмкіндіктердің барына көз жеткізіп өз ризашылықтарын білдірді.


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.