"ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА" КАФЕДРАСЫНДА ДИАЛОГ СЕМИНАР БОЛЫП ӨТТІ

       23.02.2022ж. Күні 6В03130-психология мамандығы студенттерімен тәжірибелі психолог мамандардың диалог семинары ұйымдастырылып өткізілді.

       Семинарға Шымкент қаласындағы беделді тәжірибелі психолог тренер, коуч-практик, гештальт терапевт Атаева Жанат Қалназарқызы, Асанова Салтанат Сайлауқызы және Пернебай Гулжазира Бақтыбайқызы шақырылды.

     Семинар барысында кафедра   меңгерушісі З.Б.Қабылбекова семинарды ашып беріп студенттерге қонақтарды таныстырып,бастап берді. Сөз кезегін жалғаған қонақтар тәжірибелі психолог маман болудың қыры мен сыры жайында түсіндіріп өтіп, өздерінің жасап жатқан бағдарламаларын ұсынып, тәжірибелерімен бөлісті.

    Атаева Жанат Қалназарқызы семинарға қатысушыларға сергіту жаттығун жасап студенттердің қызығушылықтарын оятты. Семинар соңында сұрақ жауапқа кезек беріліп студенттердің толғандырған сұрақтарына жауап алып, мамандықтың маңыздылығын түсініп, біршама көңіл-күйлері көтеріліп қызығушылықтары арта түсті.

      


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.