Жаңалықтар
«Өсімдіктер бойында жүретін процестер” тақырыбында ашық дәріс сабағы
21.02.22 күні “Тарих және Педагогика” факультетінің “Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту теориясы мен әдістемесі" кафедрасының доценті С.М.Сихимбаеваның “Жаратылыстану негіздері” пәнінен ТП-20-10К1,2,3 топтарында жоспарланған “Өсімдіктер дүниесі олардың морфологиясы,таралуы,алуантүрлілігі. Өсімдіктер бойында жүретін процестер” тақырыбында ашық дәріс сабағы өтілді.
Сабақ барысында студенттердің ойлау қабілетін дамытатындай студент пен оқытушы арасында жағымды психо-педагогикалық атмосфера болды. Оқытудың ұтымды және жаңа технология тәсілдерін жүйелі түрде пайдалана отырып,студенттердің бойында функционалдық сауаттылықты арттыра білді.Сабақтың өн бойында мультимедиялық оқыту әдісі мен диалог әдісі басым қолданылды, сыни тапсырмалар, ой қозғау тапсырмалары арқылы кері байланыс ұйымдастырылды.Студенттер дәрістің ұйымдастырылуын талдау барысында оң пікірлерін білдірді.