Тәуелсіздік – әрбір мемлекет үшін ең маңызды құндылық

Тәуелсіздік – әрбір мемлекет үшін ең маңызды құндылық. Ал ол елдің азаматтары үшін елдегі бейбіт өмір мен қоғамдағы тұрақтылық тәуелсіздіктің басты игілігі болмақ. Тұғырымызды нықтап, еңсемізді тіктеп әлем тарихында өзіндік орны бар, адамзат үшін өмір сүруге қолайлы мемлекет орнатуда берекелі бірлік пен еселі еңбектің арқасында кездескен қиындықтармен күресіп, кедергілерді абыроймен еңсеріп, болашаққа қарай нық қадам басып келеміз.

Биыл тәуелсіздіктің тұғыры бекіп, елдігіміз нығайып, егемендігіміз еңселене түскен мерейлі мерекеміздің 30 жылдығын тойлап жатырмыз. Бұл уақыт тарих парағы үшін қас-қағым сәт саналғанымен, біз үшін үміт пен сенімнің, береке мен бірліктің, ынтымақ пен достықтың алтын белесі болып қала бермек. Қазақстанның 30 жылдық тәуелсіздік жолы тарихи тұрғыдан қарағанда аз ғана уақыт межесі болар, ал біздің мемлекет үшін тәжірибе мен сынақтың, тәуекел мен бірліктің, ерлік пен елдіктің дәуірі болып қала бермек. Алдағы уақытта кез келген сын-қатерге дайын болу үшін тынымсыз ізденіс пен рухани даму үстінде ұлтымыздың жаңа болмысын қалыптастырып, ұдайы алға қарай ұмтыла береміз. Бұл ретте Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2021 жылғы 23 қарашада «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысындағы сөйлеген сөзінде тәуелсіздік құндылығын сақтаудың нақты жеті тұғырын айқындап берген еді:
  • «Бірінші. Тәуелсіздік – кез-келген азамат үшін ең қастерлі құндылық. Тәуелсіздікті нығайту – экономиканы нығайту.
  • Екінші. Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры. Конституцияны қастерлеу, мемлекеттік тілді білу, ұлттық құндылықтарды қадірлеу – әр азаматтың парызы.
  • Үшінші. Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы.
  • Төртінші. Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі. Отбасы – ұрпақ тәрбиесінің ұстаханасы, қоғамдық қатынастардың бастауы саналатын бірегей институт.
  • Бесінші. Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі. Өркениетті отыз елдің қатарына қосылуда материалдық құндылықтармен қатар, рухани байлықтың маңызы зор.
  • Алтыншы. Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті. Бұл – біздің үмітіміздің ақталғаны.
  • Жетінші. Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі.
  • Елдіктің жеті тұғыры дегеніміз – осы!» Осы жөнінде мемлекеттің жеті тұғырын «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., доцент М. Ә. Ермекбаев ТП-20-10к2 тобына түсіндіру және насихаттау жұмыстарын жүргізді.

Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.