«Психология» мамандығы бойынша докторантура Білім беру бағдарламасы талқыланды

     

   

         «Психология және арнайы педагогика» кафедрасы ағымдағы оқу жылы барысында 8D03130 – «Психология» мамандығы бойынша докторантура ашу мақсатында қарқынды жұмыс жасауда.  2021 жылдың 2 сәуір күні  кафедра үшін тарихи маңызы бар десек те болады. Бұл күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің АМЖД-мен бірге, білім беру бағдарламаларының Менеджмент және лицензиялау орталығының басшысы, х.ғ.к., доцент Адырбекова Гүлмира Меңлібайқызының қатысуымен білім беру бағдарламасы (БББ) талқыланды.

        "Психология және арнайы педагогика" кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор З.Б. Қабылбекованың жетекшілігімен кафедра ғалымдарының жұмыс тобы келесі құрамда ұйымдастырылды: пс.ғ.д., профессор Искакова М.С, п.ғ.к., доцент Шоманбаева А.О., РhD, доцент Сахиева Ф. А. және техникалық хатшы - оқытушы, п.ғ. магистрі Асетова Г.А. Қанша адам-сонша пікірлер айтылды. Объективтілік сапа үшін сарапшы ретінде п.ғ.к., "Заманауи педагогика және психология" кафедрасының п.ғ.к., доцент Усенбаева Р.Б. шақырылды.  Талқылау барысында Білім беру бағдарламаның презентациясы  ұсынылды. Гүлмира Меңлібайқызының мұқияттылығын, егжей-тегжейге назар аударуын, сыншылдығын және сонымен бірге демократиялығын атап өткен жөн, соның арқасында талқылау айтарлықтай сындарлы және жемісті өтті. Сонымен қатар, топтық талқылаудың үлкен пайдасын атап өту керек, мұнда талқылауға қатысып отырған кез-келген профессор-оқытушы кез-келген позицияны қорғап немесе жоққа шығара алады.  Әрине, бағдарлама бойынша атқарылатын жұмыстар әлі алда. Ең бастысы – мақсатқа жету жолындағы алғашқы қадам жасалды, ал бұл 8D03130 – "Психология" мамандығы бойынша докторантура ашылуына сенім ұялатып, одан әрі ілгерілеуге ынталандырады.

 

 


Күнтізбе

Мамыр 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.