Жаңалықтар
Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, п.ғ.д., профессор, белгілі компоративист ғалым А. Қ. Құсайынов дәріс оқыды.
Сәуірдің 11-і күні Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, п.ғ.д., профессор, белгілі компоративист ғалым А. Қ. Құсайынов "Жалпы педагогика және психология" кафедрасының ПОҚ құрамына, докторанттар мен магистранттар үшін “Білімді ұрпақ- ұлт болашағы” тақырыбында дәріс оқыды. Дәрісте: білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер, Шетелде білім беру: Сингапур, Япония, Қытай, Германия, Польша, Финляндия мемлекеттеріндегі орта білім беру мәселесінің озық тәжірибелері туралы сөз болды.