Жаңалықтар
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2024» байқауының жеңімпазы.
«Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2024» және «Үздік ғылыми қызметкер» атағы иегерлерін марапаттау рәсімі өтіп, Тарих және педагогика факультеті "Қазақстан тарихы" кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. доцент Джунисбаев Серік Мұтанұлы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2024» байқауының жеңімпазы атанды.
Салтанатты іс-шараның ашылуында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек барлық жеңімпаз оқытушыларды құттықтап, ғылым мен білім саласындағы орасан зор еңбектері үшін алғыс айтты.
Дәстүрлі өтетін «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы оқытушылық және ғылыми қызметтегі жоғары жетістіктері үшін беріледі.