Жаңалықтар
«Махмудқожа Бехбуди және Түркістан жәдидшілігі» атты ғылыми конференция өтті.
2025 жылдың 19 қаңтарында Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының Тарих институтында Махмудқожа Бехбудидің 150 жылдығына орай «Махмудқожа Бехбуди және Түркістан жәдидшілігі» атты ғылыми конференция ұйымдастырылып, өткізілді. Конференция Ташкентте «Турон» кітапханасында өтті.
Конференцияға Өзбекстанның түрлі аймақтарынан, сондай-ақ Қазақстаннан тарих ғылымдарының кандидаты Гауһарбек Тілеуқұлов -М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, қатысып, тақырыптық баяндама жасады.