Жаңалықтар
Ұлағатты ұстаздың мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті.
М.Әуезов атындағы ОҚУ «Тарих және педагогика факультеті» «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Шабанов Евгений Иосифович 8-қарашада мерейлі 70 жасқа толды. Мерейтой оқу ордасында салтанатты түрде аталып өтіп, профессор-оқытушылар құрамы, ұстаздың өмірдегі, ғылымдағы әріптестері, шәкірттері және студент-жастар қатысты. Евгений Иосифовичтің тарих ғылымдарына қосқан үлесі, шәкірт тәрбиелеудегі ұстанымдары жайында ақ тілектер айтылды.
Е.И.Шабанов қазіргі замандағы тарих саласындағы аймақтағы жетекші сарапшылардың бірі. Орталық Азиядағы халықаралық қатынастар мәселелерін зерттеуші ғалым. Ұстаздың 15-ке жуық оқу құралдары мен монографиялары бар. Сондай-ақ 154-тен аса ғылыми мақалалары халықаралық, республикалық ғылыми журналдарда жарық көрген.
Салтанатты жиында әншілер әсем әндер орындап, кештің шырайын ашты.
Шабанов Евгений Иосифовичті 70 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да ғылым саласының дамуы мен шәкірттерді тәрбиелеуге үлесін қосатынына сенімдіміз!