Жаңалықтар
«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты тренинг-семинар өтті.
"Қазақстан тарихы" кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 29 қазан – 1 қараша аралығында «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты тренинг-семинар өтті. Тренинг-семинарға Түркия республикасы Анкара университетінің профессоры Абдуллах Гюндогду , Алматы қаласынан ғылым кандидаттары дәріс оқыды. Тренинг-семинардың мақсаты: жергілікті билік органдары мен білім беру институттарының тіл саясатының стратегиясын іске асыру үшін Түркістан облысында және жалпы Қазақстанда тілдерді дамыту бойынша өзекті мәселелерді айқындау.
Жобаның мақсаты: Түркістан облысының әртүрлі өңірлеріндегі тіл саясаты мен тілдік жағдайды зерделеу және осы қызмет саласында жергілікті билік органдарының іс-шараларын оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.