Жаңалықтар
Психологиялық тренинг өтті.
Тәлімгер А. Н. Полатова мен Тп-23-18К6 тобының студенттері 30.10.2024 жылы М.Әуезов атындағы ОҚУ-ң №5 студенттік жатақханасында “Жақсы көңіл күй, жақсы қарым-қатынас” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Психологиялық тренингтің мақсаты - студенттердің әлеуметтік ортамен қарым-қатынасын жақсарту, өз-өзімен қарым-қатынасын, өзгелерді түсіну, идентификация, эмпатия білдіру дағдыларын дамыту болып табылады.Топ студенттері жалпы жатақхана тіршілігімен танысып шықты. Жалпы тренинг студенттерге ұнап, өз ризашылықтарын білдірді.