Инклюзивті білім беру бойынша біліктілікті арттыру курстары

     3.06-13.06.2024 ж. аралығында Түркістан қаласында "Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру моделі "тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өткізілді. Оқыту ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Дүниежүзілік Даму банкінің қолдауымен өтті. Оқу барысында курс қатысушылары жаңа модельді іске асырудың мақсаттарын, міндеттерін, құралдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім берудің мәселелері мен перспективаларын талқылады. Оқытуды халықаралық жаттықтырушылар  Каподистрия атындағы  Афина ұлттық университетінің ғалымдары жүргізді: ғылым докторы Валия Калайци, PhD Йоргас Гкогкос, сондай-ақ, ҚР инклюзивті білім беру саласындағы сарапшылары М. Х. Дулати атындағы Тараз аймақтық университетінің профессоры Оспанбаева М. П., ерекше балалардың ата-аналар одағының басшысы , қоғам қайраткері Сағадиева Р.Б. Курстарға п.ғ.д., "Жалпы педагогика және психология" кафедрасының профессоры Г. Ж. Лекерова, п. ғ. к., доцент А. М. Нұрбекова, аға оқытушылар А. Т. Сарипбекова,Ж. Ш. Нығматуллина, Л.Ж. Бегалиева, Н.Е. Исманова белсенді қатысты.


Күнтізбе

Шілде 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.