Хабарландыру!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

 

«Тарих және педагогика» факультеті

 «Жалпы педагогика және психология» кафедрасы

 

                       «Бекітемін»

                                                  «Жалпы педагогика және

                                                      психология» кафедрасының

                                                   меңгерушісі Усенова А.М.

                                    _______________

                                          «___» _____ 2024ж.

 

 

 

 

 

 

 

6В03130-«Психология» және 6В03131-«Әлеуметтік саладағы

психолог-кеңесшілерді даярлау» БББ бойынша студенттер арасында    

ІІ пәндік олимпиадасының

 

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент 2024 ж.

 

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1.1. Бағдарлама Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленген.

1.2. 2023/2024 оқу жылында 6В03130-«Психология» білім беру бағдарламасы бойынша студенттер арасында өткізілетін факультетішілік пәндік олимпиада (бұдан әрі – психологиялық олимпиада) теориялық және практикалық кезеңдерден тұрады.

1.3. Олимпиаданың негізгі мақсаты –6В03130-«Психология» білім беру бағдарламасына сәйкес психология саласында теориялық және практикалық білімі бар дарынды жастарды анықтау, сондай-ақ білім алушылардың рухани-адамгершілік тәрбие саласындағы ғылыми зерттеулерге қызығушылығын арттыру;

1.4. Жоспарланған командалар 4 студенттен тұрады;

1.5. Олимпиада Кеңесінің құрамына «Жалпы педагогика және психология»  кафедрасының профессорлары мен оқытушылары кіреді.

Қазылар алқасы келесі тапсырмаларды орындайды:

1) Олимпиада бойынша тапсырмалардың мазмұнын және тапсырмаларды бағалау критерийлерін бекітеді;

2) Критерийлер бойынша байқау нәтижелерін бағалайды;

3) Олимпиада жеңімпаздарын анықтайды

 

1.5. Факультетішілік олимпиада қорытындысы бойынша:

 

1) Психология бойынша олимпиада барысында университеттің БАҚ үшін фоторепортаждар, бейнероликтер, эсселер мен мақалалар әзірленеді.

 

1.6. Психологиялық олимпиаданың ұйымдастырушылары:

 

Психология пәні бойынша пәндік олимпиаданың негізін салушылар «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы болып табылады.

Факультет олимпиадасының өткізілу мерзімі:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ОЛИМПИАДАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ

 

Қатысушылар назарына! Көшіру немесе плагиаттың басқа түрлерімен айналысатын олимпиадаға қатысушы командалар дисквалификацияланады және олардың нәтижелері жойылады. Ережелерді сақтамау кезіндегі  шағымдар мен өтініштер қабылданбайды.

 

 

1 күн

12.00

 Психологиялық олимпиаданың ашылуы. «Тарих және педагогика» факультетінің деканы Уразбаев Құрманғали Мархабатұлының құттықтау сөзі;

«Жалпы педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі – Усенова Аккенже Мухановнаның құттықтау сөзі.

12.30

Командалар арасында жеребе тарту, командалардың өнер көрсету ретін анықтау

12.35-13.20

1-турды өткізу (жазбаша).

НЕГІЗГІ ПӘНДЕР БОЙЫНША ТЕСТ. Өткізу уақыты 60 минут

Пәндері: жалпы психология, жас ерекшелік психологиясы, психологиялық кеңес беру негіздері, медициналық психология, әлеуметтік психология (40 сұрақтан)

 

Ең көп ұпай 100 балл

13.20

1-турдың қорытындысын шығару

13.30-14.30

2-ші турды өткізу

ПСИХОДИАГНОСТИКА. Уақыт - 90 минут

Тапсырма: Суреттік тестті интерпретациялау.

Бағалау критерийлері: ғылыми-этикалық принциптер қағидаттарына сәйкестігі, стилистика, мазмұнның сауаттылығы, мәліметтерді талдаудың толықтығы мен дәйектілігі, зерттелушінің жыныстық және жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалған қорытындылардың негізділігі.

 

Өткізу барысы: Қатысушылар тапсырманы компьютерде орындайды, яғни Word бағдарламасында мәтінді тереді, одан кейін PDF форматында сақтап, көрсетілген мекенжайға жібереді.

Барлық жауаптар плагиатқа тексеріліп, шифрланады.

Ең көп ұпай 100 балл

Осы турдың қорытындысы бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізген 6 (алты) қатысушы 3-ші турға жіберіледі. Егер бірнеше қатысушы бірдей ұпай жинаса, қазылар алқасының мүшелері қосымша сұрақтар қоюға құқылы.

 

2-күн 3- тур өткізу

14.45-15.45

3-тур өткізу (ауызша) ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДИСКУССИЯ

1. Барлық финалистерге (6 адам) бір тақырып және қорғауға дайындыққа 15 минут беріледі.Қатысушылардың бірі 3 минут ішінде тақырып бойынша бір сұрақ пен қатысуға дайындауы керек. Уақыт өткеннен кейін қатысушылардың дайындаған сұрақтары жинақталады.

2. Әрі қарай кім сұрақтарға жауап беріп, кім сөйлейтінін анықтау үшін жеребе тартылады.

3. 6 қатысушының әрқайсысы сөйлейді (3 минут), содан кейін сұраққа жауап береді (3 минуттан аспайды).

Бағалау критерийлері: сөйлеу және коммуникативті дағдылары, сұрақ-жауап сапасы, сөйлеу мазмұны.

Максималды балл – 100 ұпай.

15.45-16.00

ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ

ЖЕҢІМПАЗДАР 1, 2, 3- ТУР НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ҰПАЙЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ САНЫ БОЙЫНША АНЫҚТАЛАДЫ

Қорытындыларды шығару кезінде қазылар алқасы келесі ережелерді басшылыққа алады:

Ең көп ұпай жинаған команда олимпиада жеңімпазы болып саналады.

Жүлделер саны келесідей анықталады:

1) командалық жарыста бірінші орын – біреу, екінші орын – екеу, үшінші орын – үшеу;

2) жеке сайыста – әртүрлі номинациялар.

3) 1, 2, 3-орындарға ие болған қатысушыларға бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдар беріледі.

4) Жүлделі орын алмаған қатысушы командаларға психологиядан пәндік олимпиадаға қатысқанын растайтын сертификаттар беріледі.

 

 

 

 


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.