14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні

     14 ақпан "Халықаралық кітап сыйлау" күніне орай "Жалпы тарих және музей ici" кафедрасының ТП-22-14к тобы "Балалар оқуына басшылық жасау" пәнінен "Балалар мен жасөспiрiмдердiң оқуы мен педагогикасының қазiргi жағдайы" атты тақырыбына ашық сабақ өткiзiлдi. Мақсаты – кітаптың құдіретiн арттырып, оқуға деген сүйіспеншілікті ояту.
Бұл күні, ең алдымен  балаларға, жасөспiрiмдерге, студенттерге сондай-ақ белгілі-бір себептермен кітап оқуға мүмкіндігі шектеулі адамдарға кітап беру әдетке айналдыру. Ақпараттық технологиялар мен цифрлық кітаптардың дамуына қарамастан, баспа түріндегі кітап рухани құндылық ретінде бағалану.
     Аға оқытушы, магистр Тойева М.Е. өз сөзінде бүгінгі таңда кітап пен мерекені насихаттаудың идеялық шабыттандырушылары өз мақсаттарына қол жеткізгенін атап айтты. Ашық сабаққа ТП-21-14к, ТП-23-14к топтары қатысып, өз ойларын айтты.
     Ашық сабақ барысында студенттер бір-біріне сүйікті кітаптарын жеребе арқылы сыйға тартты. Ақындардың шығармашылығынан шабыттанған студенттер сүйікті авторларының өлеңдерін оқып,  домбырада күй орындады. Кiтап – жақсы дос, рухани азық. Сондықтан да бiр-бiрiмiзге сүйіспеншілікпен кітаптар сыйлайық!

Күнтізбе

Қараша 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.