«ТМД-ның ҮЗДІК СТУДЕНТІ - 2023»

  Астана қаласында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Үздік студенттер академиясының» ұйымдастыруымен Тәуелсіз мемлекеттер достастығының студенттері арасында «ТМД-ның ҮЗДІК СТУДЕНТІ - 2023» атты халықаралық байқауы өтті. Бұл халықаралық байқауға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің “Тарих және педагогика” факультеті, “Жалпы педагогика және психология” кафедрасының, Әлеуметтік саладағы психолог-кеңесшілерді даярлау мамандығының 1-курс студенті Серікбаева Ажар Қайратқызы қатысқан болатын. Нәтижесінде Серікбаева Ажар І дәрежелі дипломмен және төс белгімен марапатталды. Ғылыми жетекшісі: PhD, доцент Үсенова Ақкенже Мұқанқызы. Университетіміз бен факультетіміздің мәртебесін асқақтатқан студентімізді шын жүректен құттықтаймыз!


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.