«6В03130-Психология» білім беру бағдарламасы бойынша студенттер арасындағы І пәндік олимпиада

15.03.2023 жылы сағ.10:00де «Психология және арнай педагогика» кафедрасының Стратегиялық жоспарына сәйкес «6В03130-Психология» білім беру бағдарламасының 2 және 3 курс студенттері арасында  кафедрішілік І пәндік  олимпиада болып өтті. Олимпиаданың мақсаты – «6В03130-Психология» білім беру бағдарламасына сәйкес теориялық және практикалық тұрғыда білімі бар дарынды студент жастарды анықтау, студенттердің рухани-адамгершілік білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына және Республикалық пәндік олимпиадаларға қатысуға қызығушылықтарын арттыру. Олимпиадаға 6 команда құрамы - «Кемел адам», «Жалын», «Стимул», «Дивергент», «Креатив», «Эмпатия» топтары қатысып:
І-дәрежелі дипломмен «Кемел адам» тобы марапатталып, 50000тг.   жүлде алды. Жетекшісі, п.ғ.м., аға оқытушы Ауелова Қымбат Ережеповна;ІІ-дәрежелі дипломмен «Креатив» тобы марапатталып, 30000тг.   жүлде алды. Жетекшісі, п.ғ.м., аға оқытушы Нигматуллина Жібек Шаймерденовна; ІІІ-дәрежелі дипломмен «Эмпатия»  тобы марапатталып, 20000тг.   жүлде алды. Жетекшісі, п.ғ.м., аға оқытушы Жандабаева Индира Серікбайқызы. Олимпиада белсенді студенттер әр түрлі қырынан ашылып, өздерінің білімдерімен өнерлерін жоғары деңгейде көрсете алғаны үшін басқа топтарға «Танымдық белсенділігі», «Әдіснамалық білімділігі», «Ғылыми ой-өріс ұшқырлығы» номинациялары берілді. Олимпиадаға қатысқан белсенді студенттерге қаржылай көмек көрсеткен үшін GGX KAR TS компаниясының бас директоры Тоқтар Смаханұлына алғыс білдірілді.

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.