Жаңалықтар
«Психология және арнайы педагогика» кафедрасының 2022 жылдың желтоқсан айындағы кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша есебі
«Тарих және педагогика» факултетінің «Психология және арнайы педагогика» кафедрсына факультет тарапынан бөлінген Түркістан облысы мен Шымкент қаласына қарасты жалпы 13 мектеп берілген соның ішінде ТО Түлкібас ауд. Кершетас ауылы, Ж.Жандарбеков атындағы ЖОББМ, Жиынбай ауылы, Жиынбай ЖОББМ, Келтемашат ауылы, С.Сейфулин атындағы ЖОББМ, және Шымкент қаласы, М.Әуезов атындағы №96 ЖОББМ Али Ақбаев атындағы № 101 ЖОББМ-нің бітіруші сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша кездесу өткізілді.
Кездесу барысында кафедра меңгерушісі PhD доцент Усенова А.М. аға оқытушылары Ауелова Қ.Е., Айнабек С.Б., Алдиев А.А., Айменова Ж.А., Асетова Г.А. жоғарыдағы аталған мектептердің басшылықтары мен кәсіптік бағдар жұмыстарына жауапты мамандарымен кеңесіп, мектеп бітіруші түлектерімен кездесіп, М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің білім беру бағдарламаларымен таныстырып, университетіміздің мамандарды даярлаудағы жетістіктері мен кең ауқымды мүмкіндіктері жайында ақпарат беріп түсіндірілді. Кафедра меңгерушісі PhD доцент Усенова А.М сөзін жалғастыра келе факултетіміз бойынша мамандарды оқытудағы жетістіктермен нәтижелерді және психология мамандарын даярлап жетілдіру барысын түсіндірді.
Келесі сөз кезегінде кафедраның кәсіптік бағдарға жауапты маманы магистр оқытушысы Алдиев А.А. талапкерлерге психология мамандығына түсудің жолдары мен оқудың мазмұндамасы жайында ақпарат беріп, талапкерлердің университетімізге деген қызығушылықтарын ойатып арттыра түсті. Кафедрамызда психология және дефектология мамандарын оқытып даярлаудағы жетістіктері бойынша ақпараттандырып, талапкерлерді университетімізге деген қызығушылықтарын ояты.
Сөз соңында талапкерлермен сұрақ жауапқа кезек беріліп, талапкерлер университеттке түсудің мүмкіндіктері жайында және мамандықтар жөнінде сұрақтар қойып, қажетті ақпараттарды алып университеттің білім беру бағдарламалары туралы кітапшасы мен әлеуметтік желілері таратылып берілді.