Жаңалықтар
Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Шымкент қаласының діни істері басқармасының «Діни мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-мен бірлесе отырып қала аумағындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастары арасында «Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу» тақырыбы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Тарих және педагогика» факультетінде 2022 жылдың 6 қазан күні кездесу өтті.
«Тарих және педагогика» факультетінің деканы Қ.М. Уразбаев, тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселе жөніндегі декан орынбасары М.Т. Малгайдарова қонақтармен таныстырып өтті.
Осыған орай, аталмыш іс-шарада Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкері Кыпшакбаев Рауан Мухитулы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімінің басшысы, топ жетекшісінің орынбасары: Анарбаев Қайрат Сапарханұлы, Шымкент қаласының діни істері басқармасы «Діни мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог мамандары Аманкелді Нұрдәулет Болатұлы, Уәлихан Самат Шоқанұлы, «Ана үйі» қоғамдық қорының үйлестірушілері Қалдар Тунтекова, Кеңесбай Сейдулла Имаилович, ОҚМПУ аға оқытушысы дін танушы, РАТТ мүшесі Бесбаев Мади Абзалбекұлы қонақта болды.